Әлихан айтқан аталы сөздер

Кейінгілер ғибрат аларлық үлгі тастап кетіп алғыс алармыз ба? Жоқ, далаға лағып, жөнсіз кетіп қарғыс-лағнет аламыз ба? Кеудесінде көзі бар адам көп ойланарлық жұмыс.

***

Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады... Дүниеде өңге жұрттар қатарында кім қор болмайын, тұқымым құрып қалмасын деген халық өзінің шежіресін имани дәрежесінде ұғып білуге тиіс болады.

***

Жұрт қызметін таза атқар

***

Адам баласы бір-біріне өкімші де, құл да болған.

***

Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман.

***

Француз, орыс һәм өзге жұрттың тарихынан көрінеді: молда үкіметтей ақша алса - сатылып кетеді. Рухани іс аяқ асты болады. Жалақы алған молдалар үкіметке жетекшіл болып, еріп кетеді.

***

Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса - башқұртша көріп мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып жалаңаш шыға келеді.

***

Біздің қазақ ұлтының автономиясы жерге байлаулы автономия болмақ.

***

Еуропада халық партия болғанда адаспас ақ жол табамыз деп, адам аспас асқар белден асамыз деп, жұрт ілгері басатын іс қыламыз деп таласады.

***

Қазақ сайлауы - жұртқа келген бір жұт: сайлау жылы мал бағусыз, егін салусыз, пішен шабусыз қалады.

***

Біздің қазақ-қырғыз дін ісін көркейтетін болса - үкімет ісін бөліп қойған оң болады.

***

Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады.
Байлық басы көпке байлаулы емес - базарда ақша болатынға байлаулы.

***

Байлық түбі - ақыл һәм қол ұсталығы. Осы екеуі қосылмай адам баласы қазынаға жарымайды.

***

Дүниеде не болса да бірте-бірте аздап ілгері басып болады.

***

Осы ғасырдағы әлем жарығына қазақ көзін ашып, бетін түзесе, өзінің қазақшылығын жоғалтпағандай және өзіміздің шарқ әдетіне ыңғайлы қылып "қазақ мәдениеті" (Кахзакская культура) құрып, бір жағынан «қазақ әдебиеті» (Казакская литература) тұрғызып, қазақшылығын сақтамақшы.

***

Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса - қазақ халқы соңынан ерер еді.

***

Талас-тартыс жоқ болса, өмір абақтыға айналар еді.

***

Ақылға саңыраулық та – айып.

***

Жұрт әділ болмай, жұрт ісі оңға баспайды.

***

Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана.

***

Ақылды сөз қылмақ қиын, ақылды сөзді ақылды іс қылмақ одан да қиын.

***

Болғаннан – қашпа, болмағанға – саспа.

***

Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден.

***

Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады... Дүниеде өңге жұрттар қатарында кім қор болмайын, тұқымым құрып қалмасындеген халық өзінің шежіресін имани дәрежесінде ұғып білуге тиіс болады.

***

Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды.

***

Тіршілік – бәйге: жүйрік алар, шабан қалар.

***

Еріншек пен езге жол, бәйге, сыбаға, мүше жоқ.

***

Өз күшіне сенбеген халық та, адам да ешқашан өмір бәйгесін ала алмайды.

***

Өзің түйеден өткен жетекшіл болсаң, саған ақыл не керек?!

***

Би түзу, билік әділ болсын.

***

Мақаланы қалам өзі тілегенде жазса, сөз кестелі болады. Жер десе дірілдемей болмайды: жер мәселесі – өмір сүру мәселесінің зоры.

***

Мансапқұмар елі – кемелдікке жетпеген ел.

***

Заң адам пайдасына жазылады, адам заң үшін тумайды ғой.

***

Еуропа мәдениеттімін деп мақтанғанымен, мәдениеті өнерінде ғана, ал мінезі хайуандық сапарынан қайтқан жоқ.

***

Адам баласы – нәпсінің құлы: маңдайы тасқа тимей тоқтамайды.

***

Алаш деген - деген –біздің қазақ сөзі. Алаш қалмақ қойған ат болса, қалмақ өз тілімен қоятын жөні бар емес пе?

***