1.Елді мекен: (1992 ж. Қарағанды обл., Ақтоғай аудандық кеңестің шешімімен Қаратал кеңшарына Ә.Бөкейханов есімі берілді)
2.Ескерткіштер, бюст: Арқа өңіріндегі Ақтоғай жерінде ескерткіш: Әлихан Бөкейханов, Жақып Ақбаев, Әлімхан Ермеков.
3.Кино: 1994 — «Алаш туралы сөз» реж.: Қ. Умаров., 2009 — «Алашорда» реж.: Қ. Умаров.
Ә.Бөкейханов пен М.Шоқай туралы «Алаштың арыстары-Әлихан мен Мұстафа» атты деректі фильм. Режиссері Сәрсен Баймұқанов, Тілеген Ахметов.
4. Көшелер: Алматы қаласы - Алаш-Орда» өкіметінің құрылтайшысы, қазақтың арда ұлы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың есімі (Алматы қаласы әкімінің 28.05.1997 № 278 қаулысы) берілген. Көше Жетісу ауданында орналасқан. Райымбек даңғылынан басталып Солтүстік шеңберге дейін созылып жатыр. Рысқұлов даңғылын қиып өтеді.
Бұрынғы атаулары:
• а)1-ші Аэродромная;
Көшенің ұзындығы - 3 9 5 0 метр[1]
Ақмола облысы Аршалы ауданының Жібек жолы ауылдық округында 2010 жылдың 5 қаңтарынан №12 көшеге Әлихан Бөкейханов есімі берілген.
Қарағанды облысы Қарқаралы қаласындағы Ә.Бөкейханов атындағы көше.
Орал қаласында Ә.Бөкейхан көшесі бар
Семей. 1992 жылдың 30 желтоқсанында қала әкімшілігі ономастикалық комиссияның Семей қаласындағы кейбір көшелердің атын өзгерту туралы шешіміне келісім берді. Нәтижесінде Киров атындағы көшеге Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың есімі берілді.
5.Білім орындары мәдениет: - Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында Ә.Бөкейханов атындағы мектеп;
Ә. Бөкейхан атындағы №76 Жалпы білім беретін орта мектеп. Ашылған жылы-1985 жыл.
Мекен- жайы: 470056 Қарағанды қ. Октябрь ауданы, 16 мөлтек ауданы,т: 46-16-40
E-mail: sch76@kargoo.kz №23 Ә.Бөкейханов атындағы мектеп (Кентау)
Шымкент қаласында №2 Жалпы білім беретін орта мектеп Әлихан Бөкейханов атында.
Масон ложасы: Қазақстан тарихындағы тұңғыш ложа Алматы қаласында 2015 жылдың 19 қыркүйегінде ашылып Әлихан Бөкейхановың есімімен аталады.