g3Григорий Афанасьевич Баздырев 1907 жылы Алтай өлкесі Шипунов ауданының Комариха ауылында дүниеге келген. Білімі –бастауыш. 1915 жылы жергілікті помещикке батрак болып жалданған. Кейіннен туған ауылында плотниктер бригадирі болып жұмыс істеген. 1928-30 жылдары Совет Армиясы қатарында әскери борышын өтеді.

1941 жылы екінші рет Қызыл Армия қатарына шақырылған. Кіші командирлер мектебін бітірген соң, 1942 жылдың қарашасынан бастап Ұлы Отан соғысына қатысқан.

7-гвардиялық механикаландырылған бригаданың инженерлік-мина ротасының саперлі бөлімшесі (3-гвардиялық механикаландырылған корпус, 47-армия, Сталинград майданы) гвардия сержанты Баздыревтің командасымен 1943 жылы қыркүйектің соңында Селище ауылы (Черкасск облысы Канев ауданы) маңындағы Днепрге шабуыл жасады, плацдарм алаңына қойылған минадан жаудың 5 танкі қирады, соңынан бірнеше танк атакасының бетін тойтарды. Баздыревке Кеңес Одағының батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 3 маусым 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Баздырев Григорий Афанасьевич Ленин, ІІ дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен наградталды.

Соғыстан кейінгі жылдары Семей қаласында тұрып, ағаш өңдеу комбинатында жұмыс істеді. 1971 жылы Семей қаласында қайтыс болған. Семей қаласында Батырдың есімімен аталатын көше бар.

Әдебиеттер:

1.Давайте, люди, никогда об этом не забудем! // Вести Семей. – 2015. – 10 февраля. – С.4
2.Их менами названы улицы Семея // Вести Семей. – 2010. – 18 марта. – С.3
3.Отан батырларын мадақтайды. Шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының Батырлары: фотоальбом. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2010. – Б.27-30
4.Шығыс Қазақстан облысы: энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2014. – Б.232
5.Герои Советского Союза – семипалатинцы / сост. Перебеева М.И. – Семипалатинск: Семей – печать, 2004. – Б.7
6.Семипалатинску 285 лет / сост. К.А.Байгужинов, М.А.Галиев.- Семипалатинск: ЧП Анастасов, 2003. – Б.45
7.Тусунбаева Т. Золотые звезды героев… // Спектр. – 2011. – 4 мая. – С.16
8.Яковлева Н.В. Ушел добровольцем на фронт… // Вести Семей. – 2015. – 2 июня. – С.5