Кітапханамыздың сирек басылымдар қорында XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында жария көрген өлкетану әдебиеттері Шығыс өңірін ғылым салаларынан зерттеудің алғашқы парақтары болып табылады. 1878 жылы құрылып, далалы өлкені ғылымның сан-саласынан зерттеудің негізін қалаған Семейдегі ең алғашқы қоғамдық мекеме Облыстық Санақ комитетінің сирек басылымдар қорында сақталған өлкетану ғылыми-зерттеу еңбектеріне уақыт өткен сайын ғалымдар сұранысы кеміген емес.
Е.П.Михаэлистің басшылығымен зиялы қауым шоғырланған Облыстық Санақ комитеті Шығыс Қазақстан, Семей өлкесінде жүргізген зерттеулерінің нәтижесін «Волости и населенные места Семипалатинской области», «Памятная книжка Семипалатинской области»; «Обзор Семипалатинской области» басылымдарында жариялап отырды.
Кітапханамыздың тұрақты оқырманы болған ғұлама ақын Абайдың Облыстық Санақ комитетіне 1886 жылдың 4 мамырынан өмірінің соңына дейін мүшесі болғандығы туралы және Далалы өлке генерал-губернаторлығынан бастап Семей облысының қалалық, уездік барлық мекемелері, онда қызмет еткен адамдардың аты-жөні туралы нақты мәлімет берер дереккөз сирек қорымыздағы «Памятная книжка Семипалатинской области» басылымдары. «Памятная книжкалардан» (1897-1900жж.) В.П. Никитиннің «Исторический очерк Семипалатинской области», В.И.Маевскидің «Ботовская ярмарка», Ф.Зобниннің «Свадебные обряды и обычаи среди казачьего населения Устькаменогорского уезда» этнографиялық очеркін, Н.Коншиннің «По Устькаменогорскому уъзду» жолжазбаларын оқуға болады. Кітапхананың сирек басылымдар қорынан сандық нұсқаға көшірілген Облыстық Санақ комитетінің ғылыми өлкетану әдебиеттерін назарларыңызға ұсынамыз:
2. Краткий Исторический Очерк Семипалатинского Края.- Семипалатинск: Семгубиздат.- 36 с:
Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының Батыс Сібір бөлімінің Семей Бөлімшесінің өлкені зерттеу ісі
Облыстық Санақ Комитеті негізін қалаған өлкені ғылымның сан саласынан зерттеу ісін 1902 жылдың 13-ші сәуірінде құрылған Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының Батыс Сібір бөлімінің Семей Бөлімшесі Е.П.Михаэлис, Н.Я. Коншин, Б.Г.Герасимов, ағайынды Белослюдовтар және басқалардың аса зор ғылыми-зерттеушілік еңбектерімен жалғастырып әкетті. Ресей Ғылым Академиясының Президенті А.П.Карпинский, Ғылым Академиясының секретары С.Ф.Ольденбург, Орыс Географиялық Қоғамының төрағасы Ю.М.Шокальский, академик В.А.Обручев, Халық ағарту комиссары А.В.Луначарский құрметті мүшелері болған Семей Географиялық бөлімшесінің жұмысына орыстың атақты жиһангер ғалымдары Семенов Тянь-Шанский, Г.Н.Потанин, В.В.Сапожников, А.Н.Седельников үлес қосқан.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басы қазақ зиялыларының саяси аренаға шығып, қоғам өміріне қызу араласуымен ерекшеленеді. Қазақ зиялыларынан Әлихан Бөкейхан Омбыдағы Батыс Сібір Географиялық бөліміне мүше бола отырып, Семей бөлімшесі жұмысына белсене араласқан. Абай Құнанбаев корреспондент мүшесі болған Семей Географиялық бөлімшесіне ұлтымыздың мақтанышы, ойшыл ақын Шәкәрім Құдайбердиев (1903–1907 жж.), Том қаласындағы технология институтының түлегі, Алаш жетекшілерінің бірі, қазақтан шыққан тұңғыш профессор – математик Әлімхан Ермеков, Санкт – Петербург университетін үздік бітірген, ұлтымыздың тұңғыш заң магистрі, болашақ Алаш автономиясының құқықтық негізін қалаған Жақып Ақпаев, Санкт–Петербург университетін Ж.Ақпаевпен қатарлас тамамдаған, ұлтымыздың жарқын болашағы үшін күрескен арыстарымыздың бірі Райымжан Мәрсеков (1902–1911 жж.), қысқа да саналы ғұмырын өз ұлтын өркениетті елдер қатарына қосу жолына жұмсаған Семейдегі семинария мұғалімі Нұрғали Құлжанов пен оның жары Нәзипа Құлжанова, орыстың классик жазушысы Л.Толстоймен хат жазысқан, мұсылман балалар мектебінің меңгерушісі, татар зиялысы Рахметолла Елкібаев (1907-1919 жж.), Зайсан уезінің тілмашы Аманқұлов Жәмбек (1902 ж.), тілмаш Оспанов Өмірбек, Күре болысынан Сандыбаев Сағындық (1902 ж.), Семей өлкелік сотының тілмашы Тарабаев Имамбек (1907 ж.), Павлодар көпесі Айткин Ахметолла (1902 ж.), көпес Хамитов Мұхамет (1902 ж.) және Абылайханов Арғынғазы мүше болған.
Сонымен қатар Семей Географиялық бөлімшесіне Әбікей Сәтпаев, Мұхтар Әуезов, Жұмат Шанин, Шайбай Айманов, Мәннан Тұрғанбаев, Ахметолла Барлыбаев, Халел Ғаббасов, Кәрім Дүйсебаев мүше болып, қоғамдық, ғылыми жұмыстарына үлес қосқан.
Кітапханамыздың алтын қорының құнды бөлігі болып отырған өлкетану әдебиеттерін Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының Батыс Сібір Бөлімінің Семей Бөлімшесінің ғылыми басылымдары – «Запискилер…», «Бюллетеньдер…» құрап, аты аталған халқымыздың асыл ұлдары жайлы бағалы дерек көздері болып отыр.
Ә.Бөкейхан Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының Омбы қаласындағы Батыс Сібір Бөлімінің Басқару Комитетінің мүшесі бола отырып, Семей Орыс Географиялық Қоғамының бөлімшесінің жұмысына тығыз араласып «Запискилеріне …» қазақ әлеміне қатысты зерттеулерін және 1907 жылғы 3 басылымына бұрын соңды қазақ үрдісінде болмаған Абайдың дүниеден өтуіне байланысты қазанамасын жазып жариялаған. Семей Географиялық қоғам бөлімшесінің 1905 жылдың 27 тамызындағы мәжілісінің хаттамасында Ә. Бөкейханға ғылыми мақалалары үшін алғыс жарияланғаны туралы мәлімет үлкен парасат иесінің баға жетпес еңбегіне деген құрмет екені сөзсіз.
Семей географиялық қоғамы бөлімшесінің «Запискиінің…» 1907 жылғы 3 басылымында Ә.Б-кейхановтың «Списокъ обамъ на реке Слеты въ Коржункульской волости Акмолинского уезда» мақаласы мен Ж.Ақпаевтың «Наброски по обычному, въ частности брачному праву, киргизовъ – кһазакһовъ» атты ғылыми еңбегі жарық көрген.
Семей Географиялық Қоғам Бөлімшесінің зерттеулері кітапхананың сирек қорында сақталып отырған «Запискилерде…», «Бюллетеньдерде…», немесе Б.Г.Герасимовтың «Заметка о пчеловодстве в Восточной части Семипалатинской области», «По пасекам Устькаменогорского уезда», Н.Я.Коншиннің «Заметка об одном киргизском джуте» сияқты жеке басылымдарымен жария көріп отырған. 1918 жылғы «Запискидің…» XII басылымы толығымен Б.Герасимовтың «Ссыльные поляки в Семипалатинской области» тарихи очеркін, ал 1919 жылғы XIII басылымы толығымен тек қана Г.Н.Потаниннің «Монгольские сказки и предания» зерттеулер жинағын жариялаған.
Семей Орыс Географиялық Қоғамы Бөлімшесі қызмет еткен жылдары оның құрамында 700 мүшесі болып, далалық өлкенің тарихы, мәдениеті, сондай-ақ қазақ елінің этнографиясы, археологиясы мен қазба байлықтары, әкімшілік-саяси басқару жүйесі туралы баға жетпес құнды ғылыми еңбектер жинақталып, мол мұра қалдырылды. Семей Орыс Географиялық Қоғамы Бөлімшесінің өлкеде атқарған игі істерін, Е.П.Михаэлис, Н.Я.Коншин, шіркеу қызметкері Б.Герасимов, Семей жерінде 1906 жылы өз қаржыларына 4 мыңнан аса экспонаты бар этнографиялық мұражай ашқан ағайынды Белослюдовтар сияқты мүшелерінің баға жетпес еңбектерін кітапханамыздың сирек басылымдар қорынан жете саныса аласыздар.Сандық нұсқаға көшірілген сирек өлкетану басылымдарын сіздердің назарларыңызға ұсынамыз:
2. Герасимов Б. По пасекам Усть- Каменагорского уезда.- 55 с,
3. Герасимов Б. Заметки о пчеловодстве Восточной части Семипалатинской области.- 9 с.