[member]Қазақстанның көне мәдениет ошағы Абай атындағы әмбебап кітапханасы аймақтағы басты қор сақтау орталығы болып табылады. Кітапхананың алтын қорын құрайтын XVIII ғасырдың 2-ші жартысымен XX ғасырдың басын қамтитын баспа туындыларының біршамасы бүгінгі күні библиографиялық сирек кездесетін басылымға айналып отыр. XXI ғасырда да өзінің тарихи және ғылыми маңыздылығын жоғалтпаған сирек басылымдар қоры ерекше құнды.
Кітапхана қорларын электронды нұсқада жинау және сақтау мақсатында сандық жүйеге көшіру ісі атқарылуда. Қазақстан Республикасының Электронды Мемлекеттік кітапхана қорын құру жобасына сәйкес XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басын қамтитын сирек басылымдар сандық жүйеге көшірілді. Әдебиеттердің сандық жүйедегі нұсқасымен кітап қорын сақтау бөлімінде таныса аласыздар.