okno_zakone_2 Республикалық құқықтық ақпарат орталығы Қазақстан нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік және орыс тілдерінде – «Заң» компьютерлік базасын құрып, ақпараттық-құқықтық қамтамасыз ету бойынша өз жұмысында қолданып келеді.

«Заң» деректер базасы – 1990 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және халықаралық қызметін реттейтін, Қазақстан Республикасы заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері ресми мәтіндерінің неғұрлым толық электрондық жиынтығы. Базада қажетті сілтеме және түсіндірмелермен ресімделген нормативтік құқықтық актілердің алдыңғы редакциясын сақтау мүмкіндігі, сонымен бірге күші жойылған құжаттар кітапханасының болуы- енгізілген өзгертулер хронологиясын бақылауға мүмкіндік береді.

Жаңа компьютерлік технологиялар пайдаланушыға қажетті ақпаратты шапшаң табуға көмектесетін «Заң» деректер базасының ыңғайлы іздестіру қабықшасын жасауға мүмкіндік берді. Іздеу жүйесі түрлі іздестіру мүмкіндіктерімен жабдықталған және ыңғайлы, мысалы, құжат мәтіндеріндегі сөз немесе сөз тіркестері; құжаттың қабылданған күні; қабылданған нөмірі немесе ҚР НҚА Мемлекеттік тізіліміндегі нөмірі; классификатор; құжат түрі; ведомствоға; қолданылу аймағы; қабылданған орны арқылы іздестіруге болады. Деректер базасының сервистік мүмкіндіктері бір нормативтік құқықтық актіден гипермәтіндік сілтемелер арқылы басқасына ауысуды жүзеге асыруға жағдай туғызады. Деректер базасы түсініктемелер, сөздіктермен жабдықталған, күші жойылған құжаттар мұрағаты қалыптастырылған, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің алдыңғы редакциясы қалпына келтірілген. Пайдаланушы деректер базасының қолданыстағы болжамынан қарау барысында оның кез келген редакциясын қосу мүмкіндігіне ие.

Деректер базасының бағдарламалық іздестіру қабықшасы заңнаманың нормативтік алабынан жалпы, сонымен бірге жеке бөліктері, тақырыптар бойынша іздестіру арқылы хабардар болуға мүмкіндік береді. Құжатпен жұмыс істеу барысында екі терезе тәртібімен мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтінді бір уақытта қарастыру мүмкіндігі бар.

«Заң» мәліметтер қорынан қажетті құжаттарды электронды тасымалдаушыларға көшіріп жазып алуға, сондай-ақ басып шығару құрылғысы арқылы алуға №10 кабинеттен (Ақпараттық-бибилографиялық бөлім) болады.