1883 –
3 қазанда (ескі күнтізбе бойынша 20 қыркүйек) қоғамдық кітапхана ашылды.

1885 – американдық публицист Джордж Кеннан  кітапханада болып, кейін Ибрагим Құнанбаев жайлы «Сібір және сүргін» кітабында жазды.

1901 – Семейдің қоғамдық кітапханасының меңгерушісі М.В.Колмакова, кітапханашысы В.Н.Федотов болды.

1902 – ақысыз оқу залы ашылып, дүниеден өткеніне 50 жыл толуына байланысты Н.В.Гоголь есімі берілді.

1902 – 31 наурызда Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының Семей бөлімшесі ашылып, кітапхананың дамуына үлесін қосты.

1906 –  Гоголь атындағы ақысыз оқу залы Семейдің қоғамдық кітапханасымен біріктіріліп Н.В.Гогольдің аты берілді.

1920 – кітапхана Семей Губерниялық Халыққа Білім беру Бөлімі қамқорлығына көшті.
1921 – кітапхана Семей Географиялық Қоғам бөлімшесі қамқорлығына қайта қайтарылды.
1922 – 17 қыркүйекте жаңа орын – Маловладимир көшесі 45-үйге көшірілді.

1924-1925 – кітапхана қоры ондық жіктеу жүйесіне көшірілді.
1924 – Н.В.Гоголь атындағы кітапхана «Книга и жизнь» атты газет шығарды.

1924 – 27 наурыздағы КАССР ГПП нұсқауымен губерниялық кітапханаға енді.

1941-1945 – кітапханашылар майдан даласындағы жауынгерлерге қызмет көрсетті, жаудан азат етілген аймақтарға барлығы 400 дана кітап жіберді.

1958 – кітапхана ісін үлгілі жолға қойғаны үшін кітапханашылар М.В.Акимова мен М.Ғ.Хасановаларға «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген кітапханашылары» атағы берілді.

1961 – Қазақ CCР Мәдениет министрлігі және Қазақстан ЛКЖО Орталық комитеті «Үлгілі кітапхана» деген атақ берді және дипломмен марапаттады.

1983 – Кітапхананың негізі қаланғанына 100 жылдығына байланысты

Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

1993 – «Қазіргі әлеуметтік және экономикалық жағдайдағы Қазақстанның ұлттық библиографиясы» атты республикалық зерделі кеңес өткізілді.

1995 – IFLA – Халықаралық кітапханалық ассоциациясының мүшесі болды.

1995-2008 – Кітапхана Түркия, Қырым, Норвегия, Оңтүстік Корея елдеріндегі IFLA–ның халықаралық кітапханалық конференцияларына қатысты.

1996 – «Сорос-Қазақстан» қорының грантын жеңу арқылы кітапхана Интернет желісіне қосылды.

1997 – Қырымда өткен «Библиотеки и ассоциации в меняющемся мире: новые технологии и новые формы сотрудничества» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысты.

2000-2009 – Кітапхана-библиографиялық автоматтандырылған ақпараттық жүйелер іске қосылды. (АБИС. РАБИС. ИРБИС.)

2002 – АЙРЕКС /АҚШ/ ұйымының IATP бағдарламасы бойынша интернет орталығы ашылды.

2004 – Кітапхананың «Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы (www.semeylib.kz) webсайты ашылды.

2004 – АҚШ-да «Менеджмент библиотек в США» халықаралық бағдарламасына қатысып, сынақтан өтті.

2005 – Астана қаласындағы Ұлттық Академиялық кітапханасының ашылуына қатысты.

2006-2007 – Интернет орталығы жеңіп алған гранттар арқылы кітапханаға жаңа компьютерлік технологиялар бөлінді.

2007 – «Абай атындағы кітапхананың өлкетану қоры» сайты ашылды.

2009 – Астана қаласындағы АҚШ елшілігі қоғаммен байланыс бөлімінің гранты бойынша «Ақпарат орталығы» ашылды.

2009 – Кітапхана директорының кітапхана ісі жөніндегі орынбасары қала әкімінің «Лучщий специалист в области культуры и искусства» дәрежесімен марапатталды.

2010 – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Мұражайында “Ұлытұлғалар бесігі”тақырыбында сирек басылымдар көрмесі қойылды.

2010 – Республикалық “Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорының мәселелеріконференциясына қатысып,Семейдің қоғамдық кітапханасы: Шығыс Қазақстан, Семей өңірінің зерттелу мәселелері” тақырыбында баяндама жасады.

2010 – Алматы қаласындағы «Қ.Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастырған дөңгелек үстелге қатысып, «Қайым Мұхамедханов мұраларын насихаттаудағы Абай атындағы кітапхананың рөлі» тақырында баяндама жасады.

2011 – Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай кітапхана директоры ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының «Кітапхана ісінің шебері» медальімен марапатталды.

2011 – Кітапхана мамандары «XVII-XIX ғасырлардағы шығыс қолжазбалары мен кітаптарын және Батыс Европа кітаптарын қалпына келтіру мен түптеу» және «Ақпараттық-іздеу тілін қолдану арқылы құжаттарды индексациялау» тақырыптары бойынша сертификаттар алды.

2012 – кітапхана мамандары Қырғызстан Республикасында өткізілген «Американдық бұрыштар» семинарының және Ресей Федерациясының «О краткосрочном повышении квалификации» сертификаттарына ие болды.

2013 – Арбалы мүгедектерге үйлерінде кітапханалық қызмет көрсету үшін «Книгоноша» әлеуметтік жобасы жұмысын бастады.

2013 – Мүгедек адамдарды компьютерлік сауаттылыққа үйрететін жоба жұмысын бастады.

2014 – «Алаш арыстары» жобасы жұмысын бастады.

2014 – кітапханада жаңа жобалар қосылды: «Библио-күн» жобасы; Бүкіләлемдік күн: (Халықаралық мерекелер күнтізбесін бойынша); Жазғы мектеп оқуы; Орхон Енисей жазба ескерткіштері күні; Сирек қор: Қазақ елі ғылыми басылымдарда; Туған өлкенің тарихы мен жетістіктері; «Шебер қолдар»: халықтың қолданбалы қолөнер үйірмесі.