25 қаңтар күні Абай кітапханасында қала тұрғындары және студент жастар мен кітапхана оқырмандарына арналған «Орал тауларының ертегішісі» атты өлкетану қонақжайы өтті. Шараны Ертіс өңірінің тарихи-өлкетану қоғамы мен Абай кітапханасы бірлесіп ұйымдастырды. Өлкетанушылар қонақтарды жазушы, Орал өңірінің белгілі өлкетанушысы Павел Петрович …
23 қаңтар күні Абай кітапханасында «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында шет тілін оқытуда нейрожелілерді пайдалану туралы ақпараттық сағат өтті. Іс-шараға Шәкәрім университетінің Филология жоғары мектебінің студенттері қатысты. Ақпараттық сағат барысында қатысушылар жасанды интеллект ұғымымен және оның медицинада, өнеркәсіпте, әлеуметтік …
14 қаңтар күні Абай кітапханасында IT саласы мамандарының қатысуымен «Жасанды интеллект – заман талабы» тақырыбында танымдық сұхбат алаңы ұйымдастырылды. Аталған іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялауына орай өткізілді. Бұл бастама елімізде …
13 қаңтар күні Абай кітапханасында Әлихан Бөкейхан университетінің студенттеріне арнап «Алаш» электронды кітапханасына» виртуалды шолу өткізді. Шара барысында «Алаш» электронды кітапханасының барлық бөлімдеріне қысқаша шолу жасалып, Татарстан мемлекеттік архив ісі бойынша комитетінен алынған Алаш қайраткерлерінің жеке құжаттарының түпнұсқалары көрсетілді. Сонымен …
Бүгін Абай кітапханасының «Абайдың рухани орталығында» Alikhan Bokeikhan University студенттері болды. Олар кітапхана тарихымен және ұлы ақын Абай оқыған әдебиеттер әлемімен танысып, кемеңгер тұлғаның қайраткерлігін тұлғасын танытатын сирек өлкетану түпнұсқаларына қызығушылық танытты. Сондай-ақ, сирек кездесетін әлем әдебиеті мен орыс классиктері …
Абай кітапханасында кемел ойдың кеніші, ғалым Қайым Мұхамедханұлының туғанына 110 жыл толуына орай еске алу кеші өтті. Қаламыздың зиялы қауымының басын біріктірген салиқалы шарада шәкірттері ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор А.С.Еспенбетов, мәдениеттанушы, өнертанушы, ақын Қ.Ж.Нұрқасым мерейгердің қазақ ғылымын дамытудағы еңбегін, …
Абай кітапханасында ғалым, абайтанушы, қоғам қайраткері Қайым Мұхамедханұлының туғанына 110 жыл толуына орай «Қазақтың қайсар ғалымы» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханамыздың бай қорында сақталған ғалым мұралары «Екпінді», «Иртыш», «Семей правдасы», «Семей таңы», «Ертіс өңірі», «Дидар», «Қазақ әдебиеті» беттерінде …
8 қаңтар күні Абай кітапханасында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, көрнекті жазушы Медеу Сапаұлы Сәрсекенің туғанына 90 жыл толуына орай «Есімі еліне мәшһүр қаламгер» атты арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме барысында қаламгердің өмірі мен шығармашылық жолына …
8 қаңтар күні Абай кітапханасында көрнекті жазушы, драматург, публицист Медеу Сәрсекенің туғанына 90 жыл толуына орай «Есімі еліне мәшһүр қаламгер» атты еске алу кеші өтті. Тағылымды шараға қаламгердің туыстары, зиялы қауым өкілдері, әдебиеттанушы ғалымдар, өнер адамдары, жастар мен кітапхана оқырмандары …
24 желтоқсан күні Абай кітапханасында кітапхана оқырмандары мен «Ағылшын сөйлесу клубының» қатысушыларына арналған шетелдерде Рождество мерекесін тойлау дәстүрлері туралы ақпараттық сағат өтті. Іс-шара барысында қатысушылар Рождество мерекесінің тарихымен, салт-дәстүрлері және әдет-ғұрыптарымен танысты. Рождестволық шыршаны безендіру дәстүрі Германиядан бастау алса, ал …
22 желтоқсан күні Абай кітапханасының маманы №6 мектеп-интернатының оқушылары арасында робототехника бойынша байқау өткізді. Байқауға «Арыстандар», «Технороботтар», «Франция» командалары қатысып, бақтарын сынады. Конкурс үш тапсырмадан тұрды: жиынтықты бөлшектеу, роботты құрастыру, роботты таныстыру. Жұмыс барысында қатысушылар командалық жұмыс дағдыларын, техникалық білімдерін, …
21 желтоқсан күні Абай кітапханасында кітапхана пайдаланушылары мен қала тұрғындары үшін «Өлкетану альманахы – 2025: Қоғам қызметінің жылдық қорытындысы» атты өлкетану семинары өтті. Өлкетанушылар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған қаладағы іс-шараларға қатысқандары туралы айтып, эвакуациялық госпитальдарда қайтыс болғандардың …
18 желтоқсан күні Абай кітапханасында Барнаул қаласындағы Шишов атындағы Алтай өлкелік әмбебап ғылыми кітапханасымен Жеңістің 80 жылдығына арналған онлайн кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Семей медицина университетінің оқытушысы Ван О.Т. және студенттер қатысты. Шараның басында студенттер соғысқа қатысқан қаламгерлердің еңбектері ұсынылған кітап …
13 желтоқсан күні Абай кітапханасында Абай өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының жеке құрамына Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мерекесі күніне орай «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты ақпараттық сағат өткізілді. Шара барысында Абай өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасы басшысының тәрбие және идеология жұмыстары …
12 желтоқсан күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері электротехника колледжінің студенттері әзірлеген «Ғасырлар тоғысындағы Тәуелсіздік» атты тарихи-өлкетану бағытындағы дәріс-пікірлесуге қатысты. Шара 15–20 ғасырлар аралығындағы Қазақстан мемлекетінің қалыптасу кезеңдерін қамтыды. Бұл іс-шара өлкентану мазмұнымен қатар тәрбиелік бағыттағы элементтерді де ұштастырды. Дәріс барысында …
12 желтоқсан күні Абай кітапханасының қызметкерлері Алаш Орда үкіметінің құрылған күніне орай Семей қаласының көпсалалы колледжінің студенттеріне ақпараттық сағат өткізді. 13 желтоқсан – қазақ тарихындағы аса маңызды күндердің бірі. Бұл күні 1917 жылы ұлттық мүддені қорғауды мақсат еткен Алаш Орда …
11 желтоқсан күні Абай кітапханасында «Абай жолы» кітапханасы жобасы аясында жарық көрген кітаптардың авторларымен шығармашылық кездесу өтті. Кездесуге ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Әділғазы Қайырбеков, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қайырбек Шағыр және белгілі жазушы, қоғам қайраткері, …


















