Будник Гавриил Дмитриевич (1924-2001)

g7Гавриил Дмитриевич Будник Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Жарма ауданының, Георгиевка ауылында 1924 жылы дүниеге келген. Ұлты – украин. Білімі -аяқталмаған орта. Ресей, Мәскеу облысы Лобня қаласы – 2-ші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушы, қатардағы жауынгер. Соғысқа дейін Алматы облысы Ақсу ауданындағы ұжымшардың трактор бригадасында жұмыс істеді.

Кеңес әскері қатарына 1942 жылдың қыркүйегінде Алматы облысы Қапал аудандық әскери комиссариатымен шақырылған. 1943 жылдың наурызынан Орталық майдан 13- армия 8-атқыштар дивизиясы 151-атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысты. Днепр өзенінен өту кезінде үлкен ерлік көрсеткен. 1943 жылы 24 қыркүйекке қараған түні бір топ жауынгер Киев облысы Чернобыл ауданы Карпиловка селосы тұсындағы Припять өзенінің батыс жағалауына барлауға жіберіледі. Жауынгерлер мінген қайықты немістер байқап қойып, артиллериядан оқ жаудырып, суға батырып жібереді. Жауынгерлер түгелдей қаза табады. Ал қызыләскер Будник контузия алып, жарылыстан суға лақтырылады. Қайықтың сынығына жармасып арғы жағаға жүзіп шығады. Оның шығыс жағалауға жүзіп шығуына да болатын еді, онда командир бұйрығы орындалмайды. Сондықтан Будник жау орналасқан жағалауға бет алады. Қараңғыда жағаға шығып, орын теуіп, қалтарысқа тығылады. Қыркүйектің мұздай суық суынан шыққаннан күні бойы қалың жаңбыр астында аш күйінде жауды бақылауға алады. Жау позицияларының орналасқан жерін байқайды. Қараңғы түсісімен 25 қыркүйекке қараған түні байқатпай кері жағаға шығып, өз әскеріне қосылады. Барлаушының әкелген баға жетпес мәліметтері Припять өзенінен өту үшін аса маңызды еді. Ол туралы жедел корпус командирі И.И. Людниковқа баяндалады. Өзеннен өту кезінде Будниктің әкелген мәліметі бойынша қимылдар жасалып, талай жауынгердің өмірі сақталды. Неміс басқыншыларымен күресте көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін 1943 жылы 16 қазанда қызыләскер Будник Гаврил Дмитриевичке КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығы бойынша Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Орақ пен балға» алтын медалі қоса тапсырылды. Шынында батыр марапатты бірден алған жоқ. Припяттан өткен Будниктің полкі тым алысқа кетіп, негізгі күштерден алшақта, қоршауда қалып қояды. Бірнеше күн қатарынан шабуылға шығып өз әскерін қосыламыз деген әрекеттен ештеңе шықпайды. Батыстан соққы беріп жау шеңберін бұзып шығады да Овручск орманына кетуге мәжбүр болады. Ол жерде С.А. Ковпактың партизандарына қосылады. Сөйтіп қызыләскер Г.Д. Будник бірнеше ай партизан болып орманда өмір сүреді.

Қызыл Армия бөлімдерімен қосылған соң майдандағы шайқасын жалғастырады.

1945 жылы әскер қатарынан босаған соң, Армия қатарынан босағаннан кейін Киев авиациялық училищесіне оқуға түсті. Соғыстан кейін Қазақ КСР-інің ІІМ жұмыс істеді (Ақтөбе қаласы).

Барлаушы Будник 1943 жылы 22 қыркүйекте Днепр өзенінен тез және кенеттен өтуді қамтамасыз етуге іріктеліп алынған жауынгерлердің бірі болды. Ол нөсер жаңбырдың астында бөренеге жармасып, оң жағаға өтті. Өзеннен тез өтуге ыңғайлы орын белгілеп, жаудың орналасқан жерін анықтады. Сөйтіп ол бүкіл полктің өзеннен өтуіне үлкен жәрдемін тигізді. Осы тапсырманы орындауда көрсеткен ерлігі үшін Будникке 1943 жылғы 24-қыркүйектегі КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды. Армия қатарынан босағаннан кейін Киев авиациялық училищесіне оқуға түсті. Аса маңызды әскери нысандарды, арнайы жүктерді (атом саласының нысандарын) күзететін әскери бөлімшеде істейді. 1972 жылдан запаста. 1973 жылдан Мәскеу облысы Лобня қаласында тұрған.  Шереметьево аэропортында әуе қозғалыстарын басқаратын жүйеде оператор болып істеген.  2001 жыл 14 тамызда қайтыс болған. Лобня қаласындағы Киово зиратына жерленген. Ленин орденімен(16.10.1943), 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Лобня қаласының Құрметті азаматы. Лобня қаласындағы № 8 орта мектепке Кеңес Одағының Батыры Г. Д. Будниктің аты берілген. Г.Д. Будник тұрған үйге ескерткіш-тақта орнатылған.  Соғыстан кейін Қазақ КСР-інің ІІМ жұмыс істеді (Ақтөбе қаласы). 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

 

Әдебиеттер:

1.Рызбаев  В. Н. Величайшее в мире танковое сражение: 65 великой Победе  // Вести Семей. – 2010. – 25 марта. –  С.4

2.Шығыс Қазақстан облысы: энциклопедия / бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Б.285

3.Шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2010. – Б.51