g10Иван Тихонович Гулькин 1923 жылы бұрынғы Семей облысындағы Белағаш ауданының Алексеевка поселкесінде туды. Соғыстың алғашқы күні армияға шақырылды. 1942 жылдың мамыр айынан бастап майданда болды. 1 – шабуылшы авиация корпусының 292 – шабуылшы авиация дивизиясы 667 – шабуылшы авиация полкінің  ұшқышы аға лейтенант И.В. Гулькин Ұлы Отан соғысы кезінде жауға 95 рет қарсы ұшып шықты.

Ол Волхов, Калинин, Воронеж және далалық майдандарында әуеде ұшып жүріп жауға соққы берді. 1942 жылы Қызыл Жұлдыз Орденімен , ал 1943 жылы Қызыл Ту орденімен наградталды.

Жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде И.Т. Гулькин дұшпанның 26 танкісін, жаяу әскері мен жүк тиеген 112 автомашинасын, 17 зенитті және артиллерия батареясын, 2 оқ-дәрі қоймасын, 2 жанар май қоймасын, 18 бекініс атыс пунктін, 13 темір жол вагонын және 500 – дей солдаты мен офицерін жойып жіберді.

1943 жылдыњ 29 шілдесінде 225 – биіктіктен шығысырақ жердегі жаудың танкілері мен автомашиналарына шабуыл жасау кезінде Гулькин дұшпанның екі танкісін жойып, оқ-дәрі қоймасын, 20 –ға жуық гитлершіні жойып жіберді. Соғыс кезінде совет ұшқышы немістің 3 истребителін атып түсірді.

Иван Гулькин гитлершіл басқыншылармен қан төгіс ауыр шайқастарда ерлік көрсетіп, лайықты награда – Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.

Бірақ батыр Жеңіс күнін көре алмады. Ол 1945 жылғы 4 мартта жаумен қызу шайқас кезінде қаза тапты.

 

Әдебиеттер:

1.Герои Советского Союза – семипалатинцы / Управление архивами Восточно-Казахстанской области. Центр документации новейшей истории Восточно-Казахстанской области. – Семипалатинск, 2004. – С.19

2.Отан батырларын мадақтайды. Шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом  / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2010. – Б.75

3.Семейліктер Ұлы Отан соғысы жылдарында: Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналғанбиблиографиялық құрал. – Семей, 2015. – Б.29-30

4.Совет Одағының Қазақстандық Батырлары. Т.1. – Алматы: Қазақстан, 1969. – Б.213