g11Сергей Алексеевич Елистратов  – Орталық майдан, 65-ші армия 69-шы Қызыл тулы Сева атқыштар дивизиясының 20 – жеке барлау ротасының взвод командирі. 1923 жылы 24 желтоқсанда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Бесқарағай ауданының Малая Владимировка ауылында кедей шаруаның отбасында туды.Ұлты орыс, КПСС мүшесі. Орта мектеп бітірген. Қызыл Армия қатарына 1941 жылы шақырылды, кіші командирлер дайындайтын мектепте оқып, майдан шебінде 1942 жылдың желтоқсан айынан бастап болған.

Барлау бөлімшесінің командирі, сержант Елистратов 1943 жылғы 15-қазанда барлаушылар тобымен Днепр өзенінен өтіп, жаудың 3 контратакасының бетін қайтарған, дұшпан дзотын құртып, тұтқын алды, сөйтіп құнды мәліметтерді қолға түсірді. Сталинград, Орталық, 2-ші Украин майдандарының құрамында шайқастарға қатысқан.

Днепр (Чернигов-Припять операциясы, 1943) өзенінен өту кезінде ержүректілігімен көзге түсті. 1943 жылы 15 қазанда барлау бөлімінің  командирі (65-ші армия 69-шы Қызылтулы Сева атқыштар дивизиясы) сержант Сергей Елистратов бір топ барлаушылармен Радуль поселкасының тұсында (Украина Днепр ден өтіп, жаудың үш контратакасын қайтарады. Дұшпанның дзотын жарып жіберіп,  Днепрдің оң жағалауына орналасқан жау әскері туралы аса құнды мәліметтер беретін «тіл» ала кетеді.  1943 жылы 30 қазанда әскери тапсырманы мүлтіксіз орындап, неміс басқыншыларына қарсы күресте көрсеткен ерлігі үшін сержант Елистратов Сергей Алексеевичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз»  (№ 1626) медалі қоса тапсырылады.

1945 жылы С.А. Елистратов Ленинград артиллерия училищесін бітіреді. Гвардия лейтенанты С.А. Елистратов өмірден тым ерте кетті. 1947 жылы 14 қыркүйекте 24 жасқа да толмай қайтыс болды. Дағыстанның Буйнакск қаласында жерленген.

 

Әдебиеттер:

1.Герои Советского Союза – семипалатинцы. – Семипалатинск, 2004. – С.20

2.Семейліктер Ұлы Отан соғысы жылдарында: Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған библиографиялық құрал. – Семей, 2015. – Б.30

3.Совет Одағының Қазақстандық Батырлары.- Алматы: Қазақстан, 1969. – Б.251-252

4.Шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2010. – Б.221