1wЮрий Федорович Зарудин (1972 жылға дейін Занудин) 1923 жылы Семей облысының Бородулиха ауылында туған. 1941 жылы өзі сұранып майданға кетеді.

Зарудиннің ротасы Жевань деревнясы көшелерінде ұрыс салды. Фашист жендеттерден осы елді пунктті тазартқан рота Бася өзенінен өтіп, немістерді траншеялардан қуып шығып, күші басым жаумен ұрыс жүргізді. Занудиннің жауынгерлері жаудың қоршауында қалып қойды, бірақ бұл жолы да төтеп беріп, көмекке жаңа күш келгенше орындарынан тапжылған жоқ. Аға лейтенант Ю.Ф. Занудиннің бөлімшесі алғашқылардың бірі болып Днепрден өтті. Рота бекініске көшіп, дұшпанның атакаларын тойтарды. Сондай-ақ жау оғының астында өзеннен өтетін көпір салып жатқан саперлердің қимылын бүркмелеуде болып, көпір салынды. Көпір үстімен біздің әскерлеріміз, соғыс техникасы арғы бетке өте бастады.

Ол 49-армияның 459-атқыштар полкі құрамында Беларусия жеріндегі ұрыстарға қатысқан. 2-Беларусия майданының əскерлері Днепр өзеніне жетіп, Зарудиннің ротасы Могилев обл. Горец ауданындағы тактикалық маңызы бар 192,2- биіктігін басып алды. Биіктікті қайтарып алмақ болған жаудың қарсы шабуылына тойтарыс берді. Келесі күні Зарудиннің ротасы Жевань деревнясын азат етуде жау қоршауында қалып, қосымша күш келгенше берілмеді. Оның бөлімшесі алғашқылардың бірі болып Днепр өзенінен өтті. Олар көпір салып жатқан саперлердің қимылын бүркемелеп отырды. 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстың соңғы жылы Шығыс Пруссия, Шығыс Померанск, Берлин операцияларына қатысты. 1953 жылы И. Сталин атындағы Әскери академияны, 1962 жылы КСРО Әуе күштері Бас штабындағы Әскери академияны бітірген. Төрт жыл Прикарпат әскери округінің полкін басқарған. 1956 жылы Венгриядағы бүліншілікті басуға қатысқан. 1962-73 жылдары Қиыр Шығыста дивизияны, корпусты, армияны басқарған. 1973-78 жылдары Ленинград әскери округі қолбасшысының бірінші орынбасары. 1978 жылы Солтүстік (Польша) әскери тобының қолбасшысы.Сол жылы Генерал –полковник атағы берілді. 1985 жылдың қарашасынан Вьетнам Социалистік республикасының бас әскери кеңесшісі. 1988 – дың желтоқсанынан – отставкада.

 

Әдебиеттер:

1.Перцева Н. До последнего в строю // Наше дело. – 2016. – 2 июня. –  С.6

2.Семейліктер Ұлы Отан соғысы жылдарында: Ұлы Жеңістің 70 жылдығыеа арналған библиографиялыққұрал. – Семей, 2015. – Б.32-33

3.Совет Одағының қазақстандық батырлары: Т.1.- Алматы: Қазақстан, 196.- Б.277

4.Шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының Батырлары = Восточноказахстанцы – Герои Советского Союза. – Өскемен: «Медиа-Альянс», 2010. – Б.91

5.Шығыс Қазақстан облысы: энциклопедия / бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Б.367