2wВладимир Алексеевич 1919 жылы Харьков қаласында туған. 1932 жылы туыстарымен Қазақстанға қоныс аударған. 1935 жылдан Алматы қаласында тұрып, тау-кен институтын бітірген. В.А.Засядько  Қазақстанда жасақталған 73-гвардиялық Сталинград атқыштар дивизиясының құрамында майдан жолынан өтті. Сталинградты қорғауға, Украинаны азат етуге қатысты. Қызыл Жұлдыз, 2- дәрежелі Отан даңқы ордендерімен марапатталған.

1943 жылы 26 қазанда гвардия аға лейтенанты Засядькоға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Кировоград облысын азат  ету кезінде В.А. Засядько ерлікпен қаза тапты.

1943 жылы қыркүйек айының кешінде гвардия лейтенанты Засядько басқаратын артиллерия полкі Днепр жағалауына жетті. Өзеннен өтетін көпір туралы тек армандауға ғана болатын. Засядько бірнеше балықшы қайығын тауып алады. Оған  жалғастырылған тақтайларға пушкаларды орналастырып түн қараңғылығымен арғы жағаға бет алады. Өзенге жау снарядының оғы жауып, миналар жарылып жатты. Қайық үнсіз жылжып жағаға жетті. Адам шамасы жетпейтін өте ауыр жұмыс – зеңбіректерді тасып жағаға шығару еді.  Алайда Засядьконың ұйымдастыруымен   зеңбіректер жағаға шығып,   орналастырылды  да бірнеше күнге созылған кескілескен шайқас басталды. Засядьконың зеңбіректері  жау қорғанысының  түкпіріндегі  жаяу әскерлер мен танктеріне соққы берді. 1943 жылдың 26-27 қыркүйегінде немістер айрылып қалған жерлерін қайтарып алу үшін жанталасты. Біздің әскерлерді Днепрдің шығыс жағалауына тықсырып, алға жылжытпау үшін фашистер сегіз мәрте шабуылға шықты. Қорғаныс мықты болғандықтан жау өткелден жауынгерлердің өтуіне кедергі жасай алмады. В.А. Засядьконың басқаруымен 2 рота жаяуәскер, қару-жарақ тиелген 5 автокөлік, алты стволды 2 миномет, 6 пулемет ошақтарының көзі жойылды. 1943 жылдың 10 қазаны күні барлық күшін жинап қайта шабуылға шыққан жау әскерлерінің әрекеті сәтсіздікке ұшырады.  16 қазан күні полк шабуылға шықты. Засядько алдын ала ойластырылған жоспар бойынша шабуылдаушы жаяу әскерлерге көмек көрсетті. Нәтижесінде полк Бородаевка (Днепропетровск облысы) селосының шығысын басып алып, көптеген қару –жараққа ие болды. Владимир Алексеевич Засядько Кировоград облысында неміс шебін бұзу кезінде қаза тапты. Батыр Водяна селосына жерленген.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 26- қазандағы Жарлығымен гвардия аға лейтенанты В.А. Засядкоға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Семей қаласының Батыр оқыған №1 мектебінің  ғимаратында ескерткіш тақта орнатылған, қала көшелерінің біріне В.А. Засядконың есімі берілген.

Әдебиеттер:

1.Иванченко Я. Чтобы помнили  // Наше дело. – 2012. – 26 апреля. –  С.7

2.Кеңес Одағының батырлары – шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза – восточноказахстанцы: мағлұматнама. – Өскемен: ШҚМУ, 2005. – Б.132

3.Отан батырларын мадақтайды. Шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының Батырлары:  фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. – Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.221

4.Семейліктер Ұлы Отан соғысы жылдарында: Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған библиографиялық құрал. – Семей, 2015. – Б.34-35