Борозенец Степан Николаевич (1922 – 2016)

12-ші Белорус майданы, 4-ші әуе армиясы, 4-ші шабуылшы авиакорпус, 199-ші шабуылушы авиадивизия, 569-ші шабуылшы авиаполктың звено командирі, лейтенант.

1922 жылы 20 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Таврия (қазіргі Ұлан ) ауданы Ақтөбе ауылында туған. Тоғыз класты бітірген соң Семейге техникумға оқуға түседі де аэроклубпен айналыса бастайды. 1941 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылады. 1943 жылы С. Борозенец Орынбордағы  ұшқыштар даярлайтын әскери-авиация мектебін бітіріп шығады. Оқуды бітірісімен лейтенант Борозенецті училищеде инструкторлық қызметке алып  қалады. Өзі өтініш беріп бірнеше рет сұранған соң, тек 1944 жылы ғана С.Борозенец майдан шебіне аттанады. 1-,2- Белорус майданындағы ұрыстарға қатысады.  1944 жылы 24 маусымдағы алғашқы  жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде екі зеңбіректі, оннан аса солдаттар мен офицерлердің көзін құртады. Осы күні ол дұшпан шебіне үш мәрте ұшып, тағы екі автокөлікті,  жаудың зенитті батареясын құртады.

1944 жылдың тамыз айында оларға жаңа тапсырма неміс штабын құрту тапсырылады. Лейтенанттың звеносы тапсырманы сәтті орындап шығады. Грабау ауданы маңында өткен ұрыста С.Борозенецтің самолетін жау истребителі атып түсіреді. Басқарудың қиындығына қарамастан ұшқыш самолетті өз аэродромына қондырады. 569 шабуылшы авиаполктің  (2- Белорус майданы, 4- әуе армиясы, 4-ші шабуылшы авиакорпус, 199- шабуылушы авиадивизия),  звено командирі лейтенант С.Борозенец 94 рет жауынгерлік тапсырмамен ұшқан. Бобруйск маңында қоршауда қалған фашист әскерлерін, Данциг-Гдынск операциясында  шығыс пруссия тобын талқандауға, Одердің батыс жағалауындағы жау бекінісін жоюға қатысты.

Степан Борозенец 3 танк, 6 паровоз, 120 вагон, 84 автокөлік, 36 зенитті батарея мен дала артиллериясын отқа орады. Жанар май, қару-жарақ сақталған жаудың он қоймасын жойып, 250-ден астам жау офицерлері мен солдаттарын қатардан шығарды.

1945 жылдың 18 тамызында Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 1956 жылы Әскери-Әуе академиясын бітірді. Харьков қаласында тұрды. 1976 жылдан полковник С. Н. Борозенец Харьков әскери-авиация училищесінде аға оқытушы болып істеді.

Ленин, Қызыл Ту, үш рет 2-дәрежелі Отан соғысы, екі рет Қызыл Ту, «За службу Родине в ВС СССР» ордендерімен, медальдармен марапатталған.  1976 жылдан бастап С.Н.Борозенец отставкада болып, Харьков қаласында өмір сүрді. Харьков әскери-авиациялық училищесінде ұстаздық қызмет атқарды. 1990 жылы Москва қаласына қоныс аударды. 1995 жылдан С.Н. Борозенец отбасымен АҚШ-тың   Чикаго қаласына көшіп барып, 2016 жылдын 26 тамызында қайтыс қайтыс болды.

 

Әдебиеттер:

1.Кеңес Одағының батырлары – шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза – восточноказахстанцы: мағлұматнама. – Өскемен: ШҚМУ, 2005. – Б.132

2.Отан батырларын мадақтайды. Шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом  / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2010. – Б.43

3.Перцева Н. Отважный летчик // Наше дело. – 2016. – 5 мая. – С.6

4.Төлепберген М. Ұшқыштар  // Егемен Қазақстан. – 2005. – 16 ақпан. – Б.5

5.Шығыс Қазақстан облысы: энциклопедия / бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Б.278