45fer6Петр Григорьевич 1923 жылы Чита облысындағы Сречинскіде туды. Соғысқа дейін Шар станциясында тұрды. Қызыл армия қатарына 1941 жылы Жарма аудандық  әскери комиссариатында шақырылды. Әскери училищеде оқығаннан кейін Сталинград, Оңтүстік және 4 – Украин майдандары құрамында соғысқа қатысты. «Ерлігі үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін» медальдарымен наградталды.

1944 жылғы 8 апрельде таңға жақын «Катюшалардан» атылған оқ артиллерия шабуылының басталғанын хабарлады. Зеңбірек оғының гүрсілі басылысымен 9-гвардия полкінің 2-атқыштар ротасының командирі лейтенант Карелин өз ротасыменжау траншеяларына бірінші болып басып кіріп, фашистермен бетпе-бет айқасқа кірісті. Кеудесін пулемет оғы тесіп өткен ер жүрек командир амбразураның аузын өз денесімен жапты. Ондаған оқ денесін тесіп өтті, бірақ ажал сеуіп тұрған пулемет гвардишылардың қанына қақалып, үні өшті. Тап сол сәтте рота жауынгерлері атакаға шығып, гитлершілерді қирата жеңді.

Ерен ерлігі мен батырлық көрсеткені үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі 1944 жылғы Қаулысымен гвардия лейтенанты П.Г. Карелинге қаза болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Шар станциясындағы Батырдың өзі оқыған мектеп оның есімімен аталады. 1944 жылы 8 сәуірде Украинаның Армянск қаласында қайтыс болды.

Шар қаласында батырға ескерткіш орнатылып, тұрған үйіне мемориалдық тақта қойылған. Сонымен қатар, қаланың бір көшесі мен  бір мектебіне П.Г. Карелиннің аты берілген.

 

Әдебиеттер:

1.Герои Советского Союза – семипалатинцы / сост. Перебеева М.И. – Семипалатинск: Семей – печать, 2004. – С.28

2.Давайте, люди, никогда об этом не забудем! // Вести Семей – 2015. – 17 февраля. –  С.5

3.Отан батырларын мадақтайды. Шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом  / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы, 2010. – Б.111

4.Семипалатинску 285 лет / сост. К.А.Байгужинов, М.А.Галиев. – Семипалатинск: ЧП Анастасов, 2003. – С.49-50

  1. Шығыс Қазақстан облысы: энциклопедия / бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Б.381