n2Иван Михайлович Ландышев 1925 жылы 18 январьда Тверь облысы, Бежецкий ауданы Роща хуторында шаруа семьясында туған. Аштық пен ұжымдастырудан қашқанотбасы Ертіс өңірін келіп паналайды. Жарма ауданының Ақжал кенішінде жеті класты бітірген соң шахтада  лебедчик болып жұмыс істейді.

1943 жылы январьда Совет Армиясы қатарына шақырылып, атқыш –пулеметшілер  курсын бітіріп, кіші лейтенант атаған алады.  1944 жылдың тамыз айынан бастап майдан шебінде. 1945 жылы февраль-март айларында совет әскерлері Берлин бағытындағы шешуші шайқасқа дайындалады. 1-Белорусь майданының әскерлері Штеттинск қаласы (Польша) бағытында шайқасқа кірседі. 1945 жылы 18 мартта 257-ші атқыштар полкінің взвод командирі лейтенант И.Ландышев кезекті атакаға шығуға жауынгерлерін дайындауға бұйрық алады. Иван Ландышев өз взводын атакаға көтеріп, алғашқылардың бірі болып жау шебіне жетті. Рота командирі қатардан шығып қалған кезде, оның орнын басып, ұрысты шебер ұйымдастыра білді.  Ұрыс кезінде жақыннан атылған автомат оғынан жараланғанына қарамастан командир ұрыс алаңын тастап кеткен жоқ. Жауынгерлер нық шыққан командир даусын естіді. Офицер Ландышев дәл лақтырылған гранатамен дұшпанның пулемет расчетының үнін өшіреді. Сөйтіп, ротаға жол ашылады. Фашистер соңғы күштерін жинап, шешуші шабуылға шығады. Артиллерия мен минометтен жаяу әскерлерге оқ боратады. Танктердің артына жасырынған фашистер біздің әскери бөлімшелерге келіп тіреледі. Жаудың контратакасын қайтарған атқыштар қайыра алға жылжиды. Лейтенант, 185- Панкратов-Прага атқыштар дивизиясы 257-ші Варшава атқыштар полкі  атқыштар взводының командирі И.М. Ландышев.

1945 жылы 18 наурызда И.Ландышев екінші рет ауыр жараланып қайтыс болады. Померанияның Клебов деревнясында (Польша) жерленген. Әскери тапсырманы орындау кезінде көрсеткен ерен ерлігі үшін 1945 жылғы 31 майда СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указы бойынша лейтенант И.М. Ландышевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

 

Әдебиеттер:

1.Давайте, люди, никогда об этом не забудем! //  Вести Семей. – 2015. – 3 марта.

2.Касенов Ж. Подвигу жить в веках  // Вести Семей. – 2015. – 14 апреля. –  С.2

3.Отан батырларын мадақтайды. Шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының Батырлары: фотоальбом  / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі,