9Антон Трофимович Масликов 1926 жылы Алтай өлкесі Угловое ауданының Угловое ауылында дүниеге келген. Ұлты-орыс. Жеті класты бітірген соң ет комбинатында, Семей жүн өңдеу фабрикасында жұмыс істеген.

1943 жылдан Қызыл Армия қатарында. Майданда 1944 жылдың 24 маусым айынан бастап болған.  43-Армия 306 – атқыштар дивизиясы 938-ші атқыштар полкінің атқышы Масликов  Белоруссияның Витебск облысы Шарипино деревнясы  тұсында Батыс Двина өзенінен өту кезінде көзге түскен. 1944 жылы 24 маусымда А. Масликов қарулас жолдастарымен Бешенковичский ауданы Шарапино деревнясы тұсында  Батыс Двина өзенінен өтіп, жасырылған жау қайықтарына тап болады. Ол қайықтарды совет жауынгерлері бекінген жағалауға алып келеді.  Сөйтіп полктің ойдағыдай өзеннен өтуіне ықпал етеді. Өзеннің батыс  жақ жағалауын жаудан тартып алып, бекіністі ұстап тұру кезінде А. Масликов үлкен батырлық көрсетіп,  ерлікпен қаза тапқан.  Белоруссияның Витебск облысы Бешенковичский ауданы Санники деревнясында жерленген. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының 1944 жылғы 22 шілдедегі Жарлығымен қатардағы А. Т. Масликовқа қаза болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен марапатталған.

 

Әдебиеттер:

1.Давайте, люди, никогда об этом не забудем! //  Вести Семей. – 2015. – 3 марта. –  С.5

2.Семейліктер Ұлы Отан соғысы жылдарында: Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған библиографиялық құрал. – Семей, 2015 . – Б.45-46

3.Шығыс Қазақстан облысы: энциклопедия / бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Б.520

4.Шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2010. – Б.161