z5Федор Середин 1918 жылы Семей облысының Бородулиха селосында туған.1935 жылдан Қызыл Армия қатарында. 1937 жылы Ташкенттегі әскери училищені бітіріп, лейтенант атағын алды. 1940 жылы ақ финдерге қарсы ұрыстарға қатысты, шаңғышылар батальонының командирі болды. Жауынгерлік тапсырмаларын үлгілі орындағаны үшін, «Ерлігі үшін» медальімен наградталды. Ақ финдерге қарсы соғыс аяқталғаннан кейін, Куйбышевтегі әскери училищеде оқытушы болып істейді. 1943 жылы ақпан айында майданға келді.

24 – гвардиялық әуе-десант полкінің 1 –атқыштар батальонын басқара отырып, қалтқысыз қаһармандығымен және ерлігімен көзге түсті. 1943 жыл… Кеңес әскерлері дұшпанның қарсылығын басып жанша отырып, Днепрге қарай бөгеусіз жылжи берді.  Ер жүрек гвардияшылар бір күннің ішінде қарсы атаканың үшеуін тойтарды. Гвардияшылар төзімділік жасап, табандылықпен айқасып, жеңіп шықты. Сол жолы жауынгер Ф.Я.Середин 1943 жылы ұрыс кезіңде қаза тапты.

1943 жылы қазан айында Ф.Я. Серединге қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Жерленген жері Верхнеднепровск ауданының Днепровокаменка аулында батырға ескерткіш қойылған.

 

Әдебиеттер:

1.Давайте, люди, никогда об этом не забудем! // Вести Семей. – 2015. – 24 марта. –  С.5

2.Семейліктер Ұлы Отан соғысы жылдарында: Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналға библиографиялық құрал. – Семей. 2015. – Б.59

3.Середин Федор Яковлевич // Совет Одағының Қазақстандық Батырлары. Т.2. – Алматы: Қазақстан, 1969. – Б.227-228