z6Даниил Михайлович Синицын – 47-ші армия (1-ші  Белорус  майданы),  143 атқыштар дивизиясы, 487 – Қызылтулы атқыштар полкы, 3 – атқыштар батальонының командирі, майор.  1912 жылы Москва облысы, Перемышь ауданы Ермаковка деревнясында жұмысшы отбасында дүниеге келген.  1920 жылы ата-анасымен бірге Семейге көшіп келген. Соңынан түрлі жұмыстар атқарған.

1939 жылдан ВКП(б) КПСС мүшесі. 1942 жылы маусымда армия қатарына  шақырылды. 1943 жылы Тамбов әскери-саяси училищесін бітірді.    Польша (Висло-Одер стратегиялық шабуылы. 1945 ж.) 1945 жылы 15 қаңтарда жаудың мықты бекінісі болған Ольшевница (Легьоново қ. солтүстік – батысы, Польша)  елді мекенін азат етуде батальонға басшылық жасап, Висла өзенінен өтті, негізгі күшті өткізу үшін шеңберлі  қорғанысты ұйымдастырды. Сонысымен  дивизия бөлімшелерінің  Висладан өтіп, Модлин бекінісін алуына  ықпалын тигізді.

1953 жылдан бері  запаста. Семей қаласында тұрды (қазір Семей қ. Шығыс Қазақстан облысы). Кәсіподақ жұмысшыларының курсын бітірген. Семей қалалық кеңесі  бастығының  орынбасары болып сайланды. Соңынан инженерлік қызмет атқарды.

1945 жылы 27 ақпанда СССР Жоғарғы Кеңесінің  Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.  Синицын Даниил Михайлович Ленин ордені, екі Қызыл Жұлдыз ордені, Александр Невски орденімен, медальдармен марапатталды. 1975 жылы 5 мамырда қайтыс болды. Семей қаласында жерленген. Семей қаласы көшелерінің бірі Батыр есімімен аталған.

 

Әдебиеттер:

1.Давайте, люди, никогда об этом не забудем! // Вести Семей. – 2015. – 24 марта. –  С.5

2.Семейліктер Ұлы Отан соғысы жылдарында: Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған библиографиялық құрал. – Семей, 2015. – Б.61

3.Шығыс Қазақстан облысы: энциклопедия / бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. – 699 б.

4.Шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының Батырлары: фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2010. – Б.237