z7Александр Иванович Соломатин – 1-ші Украина майданы 4-ші танк армиясының, 6-ші гвардиялық механикаландырылған корпусы, Қызылтулы Суворов орденді  механикаландырылған 17-ші гвардиялық механикаландырылған атқыштар полкының командирі, гвардия аға лейтенанты. 1922 жылы 29 тамызда Семей қаласында  дүниеге келген.  Ташкентте тұрып,  оқыған (Өзбекстан). 10 сынып бітірген. 1941 жылы Ташкент қаласының аудандық әскери комитеті Қызыл Армия қатарына шақырған. 1941 жылы Ленин атындағы Ташкент Қызылтулы жаяу әскер училищесінің  жедел дайындық курсынан өтеді.

1941 жылдың қыркүйек айынан бастап Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1942 жылы К.Е.Ворошилов атындағы Рязань жаяу әскер училищесін аяқтады. 1944 жылдан ВКП(б) мүшесі. Польшаны азат етуде (Висла-Одер стратегиялық шабуылы. Сандомир-Силезия  шабуылы. 1945 ж.) ерекше көзге түсті.  17-ші гвардиялық механикаландырылған бригаданың атқыштар ротасының командирі (6-ші гвардиялық механикаландырылған корпус, 4-ші танк армиясы, 1-ші Украина майданы), гвардия аға лейтенанты Александр Соломатин алдыңғылар қатарында 1945 жылдың 25 қаңтары түнінде жау оғының астында Кебен (Хобеня, Польша) қаласы жанындағы Одер өзенінен   өтті.  Рота қарсы беттегі плацдармды басып алып, 17-ші гвардиялық механикаландырылған Қызылтулы Суворов орденді бригаданың негізгі күші келгенше ұстап тұрды. Осы ұрыста десантниктер жаудың шамамен 60 солдаты мен офицерлерін жойып, 20 тұтқын мен 16 қол пулеметін қолға түсірді.

Келесі күні, 1945 жылы 26 қаңтарда, рота гвардия аға лейтенанты  Александр Соломатиннің қолбасшылығымен  жаудың сегіз контршабуылына тойтарыс берді.

1945 жылғы 10 сәуірде СССР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен  неміс-фашист басқыншыларымен ұрыста әскери тапсырманы үздік орындап, көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін гвардия аға лейтенанты Соломатин Александр Ивановичке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Бірақ А.И.Соломатин  Отанымыздың жоғары наградалары:  Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» медалін  өз қолымен ала алмады.  Батыр 1945 жылы 18 наурызда қаза тапты. Польшаның Ныса қаласының солтүстік-батысына қарай, Радзиковице деревнясында жерленген. Ленин ордені, 1-дәрежелі Отан соғысының екі ордені, Қызыл Жұлдыз ордені, медальдармен, соның ішінде «За отвагу» медалімен марапатталған. Ташкент қаласындағы Батыр оқыған №89 орта мектепке ескерткіш орнатылған.  1950 жылдын басынан 2000 жылдын  ортасына дейін Ташкенттегі бір  көше  А.И.Соломатин есімімен аталып келді (қазір академик С.Мирахмедов көшесі).

 

Әдебиеттер:

1.Давайте, люди, никогда об этом не забудем! // Вести Семей. – 2015. – 24 марта. –  С.5

2.Семейліктер Ұлы Отан соғысы жылдарында: Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған библиографиялық құрал. – Семей, 2015. – Б.62-63

3.Шығыс Қазақстан облысы: энциклопедия / бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Б.704

4.Шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының Батырлары: фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2010. – Б.239