Ақанов Айқан Ақанұлы (1951-2016)

w2Ақанов Айқан Ақанұлы Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Үлгілі малшы ауылында 1951 жылы 28-ші мамырда дүниеге келген.

1972 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті және Алматы шет тілдері институтын 1984, қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген.

1972-1978 жылдары Алматы облысының,  Текелі қаласында, Кеген ауданында дәрігер, 1978-1994 жылдары Кардиология ғылыми-зерттеу институтында  кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім жетекшісі, 1994-1995 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ғылыми орталығы директорының орынбасары, 1995-1996 жылдары басқарма бастығы, 1996-1997 жылдары бөлім меңгерушісінің орынбасары болды. 1997-2004 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрінің вице-министрі, 2008 жылдан Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры қызметтерін атқарады. «Эпидемиология, профилактика основных хронических инфекционных заболеваний среди сельских жителей Казахстана» деген  тақырыпта докторлық диссертация қорғады.  Медицина ғылымының докторы, (1994), профессор (1994), ҚР Валеология академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Ақановтың 250-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.

2016 жылы 30 мамырда қайтыс болды.

 

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан ғалымдары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.1. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012. – Б.26
  2. Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.133

Интернет сілтеме:

  1. Ақанов Айқан Ақанұлы // https://kk.wikipedia.org/wiki/Айқан_Ақанұлы_Ақанов