Аюпова Шолпан Әбілқадырқызы (1951)

w3Аюпова Шолпан Әбілқадырқызы 1951 жылы 17 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келген. 1975 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина университетін) бітірген. 1975-1982 жылдары Республикалық клиникалық ауруханада жұмыс істеп, 1982-1991 жылдары ҚР Президенті Іс баскармасының Орталық клиникалық ауруханасында гастроэнтеролог болды.

1991 жылдан бас дәрігердің емхана орынбасары болып жұмыс істейді. Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – денсаулық сақтау саласын ұйымдастыру. Ш.Ә. Аюпова медициналық жәрдемнің сапасын арттыру, емдік-диагностикалық процесті өрістету, жаңа технологияларды әзірлеп, оларды өндіріске енгізу және медициналық қорды үнемдеу саясатын тиімді жүзеге асыру мәселелерімен шұғылданады. 2005 жылы Ш.Ә.Аюповаға «Нарық жағдайында пайдасы зор жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу негізінде медициналык жәрдем көрсету жүйесін реформалаудың және жетілдірудің моделі» атты еңбектер топтамасының авторы ретінде Қазақстан Мемлекеттік сыйлық берілді. Медицина ғылымының кандидаты, (2001). Қазақстанның еңбек сіңірген  қызметкері (2001).

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері (2001).

 

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан ғалымдары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.1. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012. – Б.308
  2. Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.134
  3. Интернет сілтеме:

Аюпова Шолпан Әбілқадырқызы // https://kk.wikipedia.org/wiki/Шолпан_Әбілқадырқызы_Аюпова