Әдібаев Орынғали Әдібайұлы (1940-2006)

12 fӘдібаев Орынғали 1940 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. Семей Медицина институтын 1963 жылы бітірген. 1963-1968 жылдары Жамбыл және Семей облыстарында дәрігер, 1968-1979  жылдары Семей медицина инстиутында аспиранты, ассисент, доцент, 1979-1985 жылдары  КСР-і Денсаулық сақтау  министрінің Кардиология ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі, 1985-1988  жылдары Қазақ КСР-інің Денсаулық  сақтау министрінің терапеві, 1986-2006 жылдары қазіргі Қазақ ұлттық медицина университетінде профессор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.

102-ден астам ғылыми еңбек пен 2 монографияның  авторы. Медицина ғылымының докторы (1984), профессор (1987).

2006 жылы 30 қыркүйекте қайтыс болды.

 

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан ғалымдары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.1. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012. – Б.330
  2. Кто есть кто в Казахстанской науке: справочник / гл.ред. А.Нысанбаев; сост. А.А.Женсыкбаев, М.Ш.Хасанов, В.А.Лата, А.Т.Тусупов. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, – С.159
  3. Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.132-135

Интернет сілтеме:

  1. Әдібаев Орынғали // https://kk.wikipedia.org/wiki/Орынғали_Әдібайұлы_Әдібаев