Байжанов Сәбихан Шынарбекұлы (1950)

zqБайжанов Сәбихан Шынарбекұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Елтай ауылында 1950 жылы 11 қарашада туған. 1973 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университетін) бітірген. 1973-1977 жылдары бұрынғы Жезқазған облыстық ауруханасында дәрігер-хирург, 1977-1981 жылдары Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің 4-ші бас басқармасы қарамағындағы Орталық ауруханада дәрігер-эндоскопист, бөлім меңгерушісі, КСРО Медицина ғылымдар академиясының Бүкілодақтық онкология ғылыми орталығында ординатор, аспирант, 1981-1985 жылдары  Алматы мемлекеттік медицина институтында ассистент, 1989 жылы ҚР Президенті Іс басқармасының Медицина орталығының Орталық клиникалық ауруханасында бөлім меңгерушісі  болды.

1996 жылдан Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының профессоры. «Билиарная литотрипсия и оперативная эндоскопия в лечении желчнокаменной болезни» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Медицина ғылымының докторы, (1995). профессор (1996).

72-тен астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы.

 

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан ғалымдары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.1. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012. – Б.362
  2. Кто есть кто в Казахстанской науке: справочник / гл.ред. А.Нысанбаев; сост. А.А.Женсыкбаев, М.Ш.Хасанов, В.А.Лата, А.Т.Тусупов. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, –  С.170 .
  3. Кто есть кто в медицине. Т.1. – Алматы: КАзГМИ, 2002. – С.36
  4. Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.132-136

Интернет сілтеме:

  1. Байжанов Сәбихан Шынарбекұлы // http://alashainasy.kz/omir/sabihan-shyinarbekulyi-bayjanov
  2. Байжанов Сәбихан Шынарбекұлы // https://kk.wikipedia.org/wiki/Сәбихан_Шынарбекұлы_Байжанов