Баймұхамбетов Жеңдік Жанбатырұлы Шығыс Қазақстан облысы, Жұмба ауылында, 1945 жылы 1-ші маусымда туған. Семей мемлекеттік институтын 1968 жылы (қазіргі Семей мемлекеттік медицина академиясы), 1974 жылы Алматы мемлекеттік медицина инситутының клинка ординатурасын бітірген. 1968-1971 жылдары Семей облысы Шұбартау ауданының ауруханасында хирург, 1974-1976 жылдары Алматы қаласындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің госпиталінде бөлім меңгеруші, 1976-1998 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтында ассистент, доцент, 1998-2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында декан, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2009 жылдан осы академияның профессоры. «Диагностика и лечение нарушений транзитной функции толстой кишки» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми бағыты – абдоминалдық, іріңді хирург проктология.
Медицина ғылымының докторы. Осы салада 5 ғылыми жаңалықтың, 4 рационализаторлық ұсыныстың, 200-ден астам ғылыми жарияланымның авторы
Әдебиеттер:
- Қазақстан ғалымдары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.1. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012. – Б.366