Еспенбетова Майра Жаксыиманқызы (1948)

41948 жылы 23 ақпанда Семей облысы, Бородулиха ауданы, Ново-Покровка ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1965 жылы Семей Мемлекеттік медициналық институтының емдеу ісі факультетіне түсіп, 1971 жылы бітірді. Оқу жылдары институтта белсенді түрде қоғамдық жұмыстарға араласып, спортпен айналысты (теннис, шахмат). Институтты аяқтағаннан кейін госпитальды терапия кафедрасында ассистент болып жұмыс істеді, клиникалық ординатура, аспирантураны бітірді. Осы кафедрада клиникалық ординатураны, сосын аспирантураны оқыды. Профессор Еспенбетова Майра Жаксыиманқызы Семей Медицина институтының ЖТД бойынша интернатура кафедрасының алғашқы меңгерушісі болып тағайындалды

Семей медицина институтының госпитальды терапия кафедрасында ординатурада, сосын аспирантурада Жоғарғы оқу орнынан кейінгі оқуын жалғастырды.

Қосымша білімі: Шет елде – 1996 жылы тиреоидология бойынша Нагасаки университетінде стажировкадан өтті (Жапония), 1997 жылы Хьюстон қ. эндокринді онкология бойынша Дүниежүзілік Обыр Орталығында (Америка), 2001 жылы Лондонда (Ұлыбритания) біріншілік медико-санитарлық көмек бойынша, 2012 жылы Нью-Йоркте семинар – Жоғарғы оқу орындарын нәтижелі басқару. АҚШ тәжірибесі.

Мамандығы, ғылыми бағыты – Эндокринология. Ғылыми бағыты: Радиациялық және гендік тиреоидология.Лауазымы, ғылыми атағы мен дәрежесі: Жалпы тәжірибе дәрігері интернатурасы кафедрасының меңгерушісі. Жоғары категориялы дәрігер,м.ғ.д., профессор.

Ғылыми және т.б. жетістіктер: Көптеген халықаралық конгрестердің, съездтердің, конференциялардың қатысушысы (Жақын және алыс шет елдерде, Қазақстанда).

Награды, мадақтама грамоталары: «Денсаулық сақтау саласының үздігі» 2011жылы «Жоғарғы оқу орнының үздік ұстазы» 2005 жылы, 2011 жылы.; алғыс хаттар: ҚР Президентінің Кеңесшісінен, 2008 жылы ҚР денсаулық сақтау саласының министрінен , 2007 – 2011 жылдар және т.б.

Публикацияның жалпы саны- 280: Алыс шет елдердегі ғылыми баспаларда (импакт фактормен) – жалпы саны – 12, цитирлеу индексі – 176. Жақын шет елдер мен Комитет тізіміне енген баспаларда – 32. Патентке ие – 15. Монографиялар – 9, ірі ғылыми проектілерге қатысу – 1996ж. (Жапония), 1997ж. (АҚШ), 2002ж. (Ұлыбритания).

 

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан ғалымдары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.1. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012. – Б.485
  2. Кто есть кто в медицине. Т.1. – Алматы: КАзГМИ, 2002. – С.84-85
  3. Савченко Л. В «Шипагере» полюбили мою Ксюшу, как любят всех своих пациентов:(Частная клиника «Шипагер») // Наше дело.- 2000. – 19 мая . – С. 8.

Интернет сілтеме:

  1. Еспенбетова Майра Жаксыиманқызы // http://www.ssmu.kz/kk/pages/default/view
  2. Майра Еспенбетова: «Пища – это лекарство» (зав.каф.эндокринологии СГМИ, доктор мед.наук, профессор) // Голос народа. – 1997. – 10 июля.
  3. Майра Еспенбетова. Благодаря государственной поддержке // Спектр. – 2012. – 18 января. С. 8