Жанасбаев Аманғазы Масалыұлы (1940)

44Жанасбаев Аманғазы Масалыұлы Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында 1940 жылы туған. 1964 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1964-1967 жылдары Аудандық емхананың бас дәрігері, 1968-1973 жылдары Ақмола  қаласындағы (қазіргі Астана қаласы) балалар емханасының дәрігері, 1973-1975 жылдары Ақмола медицина институтында, қазіргі Астана мемлекеттік медицина университетінде ассистент қызметтерін атқарды. 1975 жылдан Семей мемлекеттік медицина университетінде доцент, кафедра меңгерушісі. Президенттік іс басқармасы емханасының дәрігері.

80-ге жуық ғылыми жарияланымның оның ішінде 2 монографияның авторы.

Медицина ғылымының докторы (1993), профессор (1996).

 

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан ғалымдары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.1. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012. – Б.497
  2. Кто есть кто в медицине. Т.1. – Алматы: КАзГМИ, 2002. – С.88
  3. Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.146

Интернет сілтеме:

5.Жанасбаев Аманғазы Масалыұлы // https://kk.wikipedia.org/wiki/Жанасбаев_Аманғазы_Масалыұлы