Жәнібеков Жүрсінхан Есенбекұлы (1944)

64Жәнібеков Жүрсінхан Есенбекұлы Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында 1944 жылы 10 мамырда туған. 1969 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Семей мемлекеттік медицина университеті), 1974 жылы Xарьков медицина институтының аспирантурасын бітірген. 1969-1971 жылдары Бесқарағай аудандық аурухана орталығында дәрігер-хирург, 1975-1977 жылдары Семей мемлекеттік медицина институтында ассистент, 1978-1984 жылдары оқытушы, 1987-1991 жылдары доцент қызметтерін атқарды. КСРО Денсаулық сақтау Министрлігінің және ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің Құрмет грамотасымен мараппаталған.

Медицина ғылымының докторы (1991), профессор (1992). 1991 жылдан кафедра меңгерушісі, 60-тан астам ғылыми еңбектің, 2 оқулықтың авторы.

 

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан ғалымдары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2013. – Б.508
  2. Кто есть кто в Казахстанской науке: справочник / гл.ред. А.Нысанбаев; сост. А.А.Женсыкбаев, М.Ш.Хасанов, В.А.Лата, А.Т.Тусупов. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. – С.194 .
  3. Кто есть кто в медицине. Т.1. – Алматы: КАзГМИ, 2002. – С.90-91
  4. Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.147

Интернет сілтеме:

Жәнібеков Жүрсінхан  Есенбекұлы // https://kk.wikipedia.org/wiki/Жүрсінхан_Есенбекұлы_Жәнібеков