Қаражанова Людмила Құсайынқызы (1943)

4r1943 жылы, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында туған. 1960 жылы Семей Мемлекеттік Медицина Институтын жылы (қазіргі Семей Мемлекеттік Медицина Академиясы), 1973 жылы Алматы Мемлекеттік Медицина Институтының (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) аспирантурасын бітірген.

1966-1969 жылдары Павлодар облысы Успен ауданы ауруханасында дәрігер, 1969-1996 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтында оқытушы, доцент, 1996 жылдан профессор қызметін атқарады.

«Клинико-функциональная, иммуногенетическая характеристика хронического гломерулонефрита с артериальной гипертензией и его дифференцированная терапия» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

140-тан астам ғылыми жарияланым мен 1 монографияның авторы. Медицина ғылым докторы,(1994), профессор (1995), Қазақстан Республика Медицина ғылыми академиясының корреспондент мүшесі.

 

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан ғалымдары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2013. – Б.39
  2. Кто есть кто в Казахстанской науке: справочник / гл.ред. А.Нысанбаев; сост. А.А.Женсыкбаев, М.Ш.Хасанов, В.А.Лата, А.Т.Тусупов. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. – С.204
  3. Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.155

Интернет сілтеме:

  1. Людмила Қаражанова// https://kk.wikipedia.org/wiki/Людмила_Қаражанова