Мұхамеджанов Исламбек Қажиакбарұлы (1947)

r44Мұхамеджанов Исламбек Қажиакбарұлы Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында 1947 жылы туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын 1972 жылы қазіргі Қазақ ұлттық медицина университетін бітірген. 1973-1979 жылдары Қазақ КСР Денсаулық министерінің Клиникалық және эксперименттік хирургия институтында кіші ғылыми қызметкер, 1979-1993 жылдары КСРО және Ресей медицина ғылымдары академиясының медицина радиология ғылыми-зерттеу институты мен медицина радиология ғылыми орталығында кіші, аға ғылыми қызметкер болды. 1993 жылдан А.Н.Сызғанов атындағы  ұлттық хирургия ғылыми орталығында бөлім меңгерушісі. Медицина ғылымының докторы (1993). 100-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монография, 2 өнертабыс пен 20 өнертабыстық ұсыныстың авторы.

 

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан ғалымдары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2013. – Б.172
  2. Кто есть кто в Казахстанской науке: справочник / гл.ред. А.Нысанбаев; сост. А.А.Женсыкбаев, М.Ш.Хасанов, В.А.Лата, А.Т.Тусупов. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. – С.227