s2Серғазин Айтқазы Ғазизұлы Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Алғабас ауылында 1918 жылы 7-ші желтоқсанда туған. 1942 жылы  Қазақ мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университетін) бітірген. 1945-1955 жылдары Алматы облысында дәрігер, 1955-1987 жылдары Қазақ ұлттық медицина университетінде ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері (1982). Медицина ғылымының докторы (1962), профессор. (1968). Негізгі ғылыми еңбектері медициналық рентгенология және радиология мәселелеріне арналған. Ұлы Отан соғысының ардагері.

1991 жылы 24-ші желтоқсанда Алматы қаласында қайтыс болған.

 

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан ғалымдары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2013. – Б.368
  2. Кто есть кто в медицине. Т.1. – Алматы: КАзГМИ, 2002. – С.207
  3. Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.172