z2Ерлан Ағзамұлы Тайғұлов 1957 жылы 26 тамызда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Абай ауданында дүниеге келген. 1974-1980 жылдары Семейдің Мемлекеттік медициналық институтында оқыды. Еңбек жолын Семейдің қалалық №1 ауруханасында бастап, ол жерде 1980-1983 жылдары дәрігер-хирург болып қызмет етті. 1983-1986 жылдары Алматы мемлекеттік медициналық институтында аспирантурада оқыды. 1986-1988 жылдары Семейдің орталық клиникалық қалалық емханасында дәрігер-хирург болды. 1988-1996 жылдары Семейдің Мемлекеттік медициналық институтында ассистент, хирургия кафедрасының ғылыми қызметкері, доцент болып еңбек етті. 1991 жылы кандидаттық диссертациясын, 1996 жылы «Результаты применения эритроцитарных фармакоцитов в комплексном лечении хирургических больных с воспалительными заболеваниями печени и желчных путей»тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. 1997 жылдан Медицина ғылымының докторы.

1997-2008 жылдары жалпы хирургия кафедрасының профессоры, хирургия факультетінде кафедра менгерушісі, клиника және тәрбие жөніндегі проректор, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор, Астанадағы қазақ медициналық академиясының госпиталдық хирургия кафедрасының меңгерушісі болды. 2008 жылдың желтоқсанынан бастап «Астана Медициналық Университеті» АҚ-ның проректоры.

300 ғылыми-практикалық мақаланың, 4 монографияның, 3 ғылыми-методикалық көмекші құралдың, 4 өнертабыстың авторы.

Медициналық ғылымның 15 кандидатын және 1 докторын дайындап шығарды.

 

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан ғалымдары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2013. – Б.406
  2. Қазақстан тарихы: энциклопедия. / бас редакторы Б.Ө.Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы ЖШС, 2010. – Б.544
  3. Кто есть кто в Казахстанской науке: справочник / гл.ред. А.Нысанбаев; сост. А.А.Женсыкбаев, М.Ш.Хасанов, В.А.Лата, А.Т.Тусупов. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. – С.247
  4. Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.176

Интернет сілтеме:

  1. Ерлан Ағзамұлы Тайғұлов // https://kk.wikipedia.org/wiki/Ерлан_Ағзамұлы_Тайғұлов
  2. Ерлан Ағзамұлы Тайғұлов // http://alashainasy.kz/omir/erlan-agzamulyi-taygulov–53317