123Бұрынғы Семей облысы, Аякөз ауданы, Сергиополь ауданында 1920 жылы 24-ші желтоқсанда дүниеге келген. 1941 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университетін) бітірген. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан (1941-1943). Республикадағы емдеу мекемелерінде қызметкер (1944-1955), «Каменское плато» санаторийінде бас дәрігер (1955-1963), 1963-1982 жылдары Қазақ туберкулез ғылыми-зерттеу иниститутының, қазіргі Туберкулез мәселелері ұлттық орталық директоры, 1983-1984 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтында профессорлық қызметтерін атқарған.
Негізгі ғылыми еңбектері туберкулез клиникасы мен эпидемиологиясына арналған. Қазақстанда туберкулезден арылу тарихымен шұғылданып, өкпе туберкулезін хирургиялық жолмен емдеу, басқа өкпе ауруларынан ажырату әдістерін ұсынып, өкпенің зақымданған бөліктерін алып тастау салдарынан пайда болатын асқынулар мен қайталауларға сипаттама берді. Фтизиатр-хирург, медицина ғылымдарының докторы, (1972), профессор (1973). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1974), Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1962).
180-нен астам ғылыми жарияланым мен 3 монографияның авторы, 1 өнертабыстың, 5 әдістемелік ұсыныстың иегері. Дәрігерлік және жауынгерлік міндетін абыроймен атқарған Әйкен Ахатұлы “Қаһарман Сталинград қорғанысына қатысқаны үшін” медалімен марапатталады.
Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет белгісі», «Халықтар достығы» ордендерімен бірнеше марапатталған.
Алматы қаласында 1984 жылы 16 тамызда қайтыс болды.

Әдебиеттер:
1. «Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы / бас. ред.Ә. Нысанбаев.-Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 1998. – Б.133
2. Кто есть кто в медицине. Т.1. – Алматы: КАзГМИ, 2002. – С.228
3. Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.170
Интернет сілтеме:
4.Әйкен Ахатұлы Терлікбаев// https://kk.wikipedia.org/wiki/Әйкен_Ахатұлы_Терлікбаев
5.Кеңестік қазақ медицин асқақтатқандар// http://zhardem.kz/news/6927