Төлебаев Райыс Қажыкенұлы (1941)

321Төлебаев Райыс Қажыкенұлы  Семей облысы, Жарма ауданының, Шар станциясында  1941 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген. 1964 жылы Семей медицина институтын бітірген.1964-1967 жылдары Жамбыл облысында оториноларинголог дәрігер, 1970-1975 жылдар Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтында, 1975-1987 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрінде, 1987-1991 жылдары Гигиена және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институтының Өскемен бөлімшесінде директор, 1993-1997 жылдары қазіргі Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында (Шымкент қаласы), 1997 – 2001 жылдары Қазақ мемлекеттік  медицина академиясында (Астана қаласында) ректор қызметтерін атқарды. 2001 жылдан Қазақ мемлекеттік медицина академиясында кафедра меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері оториноларингология мәселеріне арналған. Ғалым, медицина ғылымының докторы (1992), профессор, (1994), Қазақстан ҰҒА-ның академигі (2003), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Р.К. Төлебаев республикада оториноларингология саласын халықаралық деңгейге көтеруде көп еңбек сіңірді. Қазақстанда оториноларингология саласы мектебінің кәсіби негізін салды. Райыс Төлебаевтың есімі Ұлыбританиядағы Көпұлтты био­графиялық орталық шығарған “ХХІ ғасырдың көрнекті ғалымдары” атты кітапқа енген.

450-ге жуық ғылыми жұмыстардың авторы, оның басшылығымен 14 докторлық, 37 кандидаттық диссертация қорғалды.

Шығармалары:

  1. Диагностика и профилактика воспалительно-дистрофических изменений респираторного тракта, Аст., 2000, (соавт.);
  2. Раннее выявление злокачественных опухолей верхних дыхательных путей и уха, Аст., 2000 (соавт.);
  3. Острые и хронические синуситы. – Астана, 2004 (соавт.).
  4. Рақыпбеков Т.К. Жоғары медициналық білім берудегі құзыреттілік бағыты: методические указания / Т.К. Рақыпбеков, Л.Қ Қаражанова , Ж.Қ. Смаилова. – Семей, 2011. – 84 с.

 

Әдебиеттер:

  1. «Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы / бас. ред.Ә. Нысанбаев. -Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998.-133 б
  2. Кто есть кто в Казахстанской науке: справочник / гл.ред. А.Нысанбаев; сост. А.А.Женсыкбаев, М.Ш.Хасанов, В.А.Лата, А.Т.Тусупов. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. – С.251.
  3. Кто есть кто в медицине. Т.1. – Алматы: КАзГМИ, 2002. – С.233-234
  4. Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.177

Интернет сілтеме:

  1. Райс Қажыкенұлы Төлебаев// http://alashainasy.kz/omir/rays-kajyikenulyi-tolebaev-48629
  2. Райыс Төлебаев// https://kk.wikipedia.org/wiki/Райыс_Төлебаев
  3. ХІ ғасырдың көрнекті ғалымы// https://egemen.kz/old/?act=readarticle&id