1947 жылы бұрынғы Семей облысы Үржар ауданының Ақжар ауылында туған. Алматы мемлекеттік мединститутын 1973 жылы бітірген.

1973-1980 жылдары Атырау қаласында дәрігер, емхана меңгерушісі, қалалық эпидстационардың бас дәрігері, 1982-1988 Алматы облыстық ауруханасында дәрігер,1983-1988 жылдар Атырау медколледжінде дәрігер-оқытушы, бөлім меңгерушісі, Атырау қалалық біріккен екінші орталық ауруханасында учаскелік дәрігер, химия зауытында цех дәрігері, В.И.Ленин атындағы Гурьев мұнай өңдеу зауытының дәрігерлік-санитарлық емдеу мекемесінде интернатура, №2-ші қалалық орталық емханасының өндірістік филиал меңгерушісі, жұқпалы аурулар кабинетінің меңгерушісі, №1-ші қалалық емхананың дәрігер терапевті болып істеді. 1974-1980 жылдары қалалық эпидстационардың бас дәрігері, 1982-1983 жылдары Алматы облысы клиникалық жұқпалы аурулар емханасында дәрігер ординатор, 1983-1988 жылдары А.Сүндетов атындағы медицина училищесінде дәрігер оқытушы, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. Ал 1988 жылдан күні бүгінге дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры. Ол Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік медицина академиясының клиникалық ординатурасын 1982 жылы, ал аспирантурасын 1994 жылы бітіріп шықты. 1988-2000 Атырау пединститутында  аға оқытушы, 2000-2008 жылдар Атырау мемлекеттік университетінде Азаматтық қорғаныс штабының бастығы болды. 150-ден астам мақала, 12 әдістемелік нұсқау, «Экологиялық жайсыз аймақтардағы халық өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің гигиеналық-экологиялық мәселелері» оқу құралын да жазып жариялады. ҚР БҒМ-нің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Медицина ғылымдарының докторы.

 

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан ғалымдары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2013. – Б.469
  2. Тыныбаев Б.Г Характеристика эпидемической ситуации по гриппу и ОРЗ в особых экологических условиях Атырауской области и эффективности профилактических мероприятий: автореф. дисс. на соиск. учен. степ. канд. мед. наук: по спец.1 4.00.30 – эпидемиология. – Алматы, 1998 . – 33 с.
  3. Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.178

Интернет сілтеме:

  1. Тыныбаев Балқаш// http://anatili.kazgazeta.kz