3wТөлеуғазы Байғалиев – қазақстандық кескіндемеші және график, пейзаждар мен тақырыптық картиналардың авторы, педагог.

Төлеуғазы Байғалиев 1963 жылы 20 тамызда Шығыс Қазақстанда дүниеге келді.

Төлеуғазы Байғалиевтің картиналары Астана, Алматы, Павлодар қалаларының көрме залдарына қойылған. Біздің жерлес суретшінің картиналары жеке коллекцияларда Ресей, Америка, Германия, Кореяда бар. Суретші өзінің көп уақытын «Дарын» дарынды балалар мектебінің, Шәкәрім атындағы университеттің көркемсурет факультетінің студенттерін бейнелеу өнерінің қыр-сырына үйретуге арнайды. Ф.М.Достоевский мұражайында жерлес суретшілердің картиналарының көрмесін ұйымдастыру жақсы жолға қойылған. Сондай картиналар экспозициясы 2004 жылдың көктемінде Т.Байғалиевтің шығармашылығымен қала жұртшылығын таныстыру мақсатында өткізілді. «Ақмола-Целиноград-Ақмола-Астана» атты көрмесі ашылды.

2014 жылы астанада Қазіргі заманғы өнер мұражайында кескіндемеші және график, суретшілер одағының мүшесі Т. Байғалиевтің және және «Байғалиев АРТ-Студиясынан» оның оқушыларының бірлескен көрмесінің вернисажы өткізілді.

Көрмеде 55 суреттер көрсетілді, оның ішінде 10 графикалық парақтар – «Ауылым», «Жасыбай көлінде», «Көлдегі таң», «Күз», «Кеш», «Жаңбыр басталды», «Алғашқы қар» және 2011-2013 жылдары жазылған суретшінің басқа жұмыстары.

Төлеуғазы Байғалиев АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен Халықаралық конкурстың алтын медаль иегері болып табылады. Қылқалам шеберінің еңбектері Германия, Ресей, Корея, АҚШ, Қытай және Украина елдерінде жеке жиынтықтарда сақталуда.

Қазақстан суретшілер одағының мүшесі (2005). Қазақстанның мәдениет қайраткері (2009).

 

Әдебиеттер:

1.Воскресенская Л. Родные просторы художника Байгалиева // Арна. – 2004. – 23 апреля.