66Суретші, этнограф.  1883 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Семей бастауыш училищесін бітірген.

1899-1906 жылдары Мәскеудегі Строганов училищесінде оқиды. 1906 жылы Семейге оралып, бастауыш  училищесінде, гимназияда сурет пәнінен дәріс береді.

Суретшінің туындылары қазақтардың өмірі мен тұрмысына, табиғатына арналған. «Семей», «Киіз үй», «Қазақ әйелі», «Қымыз ішіп отырған қазақтар», «Қазақ отбасы» , «Ертісте», «Күз кезіндегі орман» т.б шығармалары бар.

Белослюдов суреттерінің үлкен  циклі қазақ ертегілеріне иллюстрация ретінде пайдаланылған. 1910 жылы Томскіде басылып шыққан поляк жазушысы Г. Зелинскийдің «Қырғыз» поэмасы суретшінің 50-ге тарта суретімен көркемделген.

1916 жылы 23 нурызда Барнулда қайтыс  болды.

 

Әдебиеттер:

  1. Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.1. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.205
  2. Қазақ мәдениеті: энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.” ЖШС. – 2005. – Б.135