Беляев Михаил Михаилович (1925-2007)

y6Михаил Михаилович Беляев – график, живописші. Қазақстан суретшілер одағының мүшесі. Башкирияның Алаш ауданында дүниеге келген. 1941 жылы отбасы Семейге эвакуациямен көшіп келеді. Ұлы Отан соғысының ардагері . 1955 жылы Одесса көркемсурет училищесін бітірген. Студент кезінде Одесса облыстық көркемсурет көрмесіне қатысады.

1957 жылы Семей қаласында өткен бейнелеу өнері көрмесінде бірінші орынды иеленген М.М. Беляев Мәскуедегі көркемсурет көрмесіне жұмыстарын ұсынады. Суретші Қазақстанның түкпір-түкпіріне саяхат жасайды. Беляевтің жанына аса жақын тақырып – «көне» Семей, оның тар көшелері, тарихи орындары. Семей қаласында суретші картиналарының әр түрлі көрмелері ұйымдастырылып тұрады.

2005 жылдың күзінде Ф.М.Достоевский мұражайында суретшінің «Город и река» атты тақырыпта көрмесі ұйымдастырылды. 2005 жылдың тамызында 80 жасқа толған суретші шығармашылық жолының 50 жылдығын атап өтті. Суретшінің сүйікті жанрлары пейзаж және портрет.

Облыстық, республикалық көркемсурет көрмелеріне бірнеше рет қатысқан суретшінің картиналары Семей қаласының барлық мұражайларында және Қазақстанның, Украинада, Ресейде, АҚШ, Қытайда меншік көркемөнер иегерлерінің қолында сақталған. Суретшімен бірге көрермен Салехарда, Ханты-Мансийск, Семей қаласының көне көшелерін тамашалайды.

Суретші шығармашылығында ерекше орны алған-ол ескі, кетіп бара жатқан Семей, тарихи орындар мен қала тұрғындарының тағдырымен байланысты болған көшелер мен үйлер.

 

Әдебиеттер:

  1. Шығыс Қазақстан облыстық Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу мұражайы./ құраст. Киляогловаи С.Р., Стромская Т. – Семей,2009.- Б.75