Водолазов Петр Александрович (1938)

прҚазақстанның әйгілі суретшілерінің бірі. Петр Водолазов 1960 жылдары Семей қаласына комсомолдық жолдамамен келіп, қаланы ұнатқаны соншалық осы қалада тұрып қалды. Ол 1938 жылы Минск қаласында туған. Балалар үйінде тәриеленіп, әскерде Евпатрияда болды.

Суретшінің ең алғашқы көрмесі 1964 жылы Семейдің өлкетану мұражайында өтті. Петр Александровичтің жұмысы тек қана Семей қаласының көрмелерінде ғана емес, Қазақстанның басқа қалаларында да көрмелері болып өтті. 2004 жылдың күзінде суретшінің «Знакомые места» көрмесі Ф.Достоевский мұражайында болып өтті.

Көрме залына қойылған суретші жұмыстары 70–ші жылдардың аяғы мен 90–шы жылдардағы жұмыстарымен аяқталады. Суртешінің жұмыстары туған Семей қаласының кейбір таныс бейнелерімен  қуантады. Суретшінің әрбір жұмысынан өз қаласына деген сүйіспеншілік пен таңдану байқалады. Көрмені аралап жүрген адам бала күнгі таныс мекендерді аралағандай әсерде болады. Картиналарында ескі көпір, мешіт, диірмен т.б. қаланың басқа әдемі орындары бейнеленген.

Қазіргі кезде қала көркейіп, тез өзгеруде. Суретші қаланың көрікті жерлерін кейінгі ұрпаққа мирас қып қалдыруда көп еңбек сіңіруде.

 

Әдебиеттер:

1.Для всех знакомые места // Семипалатинские вести. – 2004. – 24 сентября. – С.9

2.Гузеева М. Разгоню тоску // Наше дело. – 2004. – 16 сентября. – С.4

  1. Михеева Е. Семипалатинск – моя первая любовь // Арна. – 2004. – 17 сентября. – С.3