Петр Павлович Гавриленконың арнайы суретшілік білім жоқ, живописьші. Шығыс Қазақстан облысы, Бұқтарма ауданы Гусиное селосында туған.1946 жылы Семей өзен флоты училищесін бітіреді, одан кейін Жоғары-Ертіс өзен параходствосына жұмысқа жолданады. 1967 жылы әуесқой суретшілер көрмесімен танысады. Кейінірек жергілікті кәсіпқой суретшілер Н.Яковлевпен, М. Беляевпен, В. Третьяковпен бірлесіп этюдтерге шығады. 1968 жылдан бастап Гавриленко қалалық, облыстық көрмелерге үнемі қатысады. Ленинградта, Ригада, Мурманскте, Архангельскіде өткізілген теңіз және өзен флоты әуесқой суретшілерінің байқауының лауреаты және дипломанты.
Гавриленко пейзаж жанрында басымырақ еңбектенеді. Суретшінің ақын жанына табиғаттың құбылмалы райы, кейбір қайталанбас сәттері қатты әсер етеді. 2005 жылы Гавриленконың сурет көрмесі Ф.Достоевский мұражайында «Осенняя сюита» тақырыбында өткізілді. 30 жыл шығармашылықпен айналысқан суретші қаншама көптеген картиналар жазылды, санына жету мүмкін емес. Суретші жұмыстары әртүрлі көрмелерге қойылып, көрермен қызығушылығын арттыруда.
Әдебиеттер:
- Михайлова С. Капитанская точка зрения // Казахстанская правда.- 2005. – 28 декабря. – С.2
- Шығыс Қазақстан облыстық Семей қаласындағы Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері мұражайы. – Семей, 2003. – Б.165