2005 жылы Ф.М. Достоевский мұражайында суретші А.Гореловтың көрмесі болып өтті.
1976 жылы Мәскеу көркемсурет академиялық театрында школа-студияны бітірген А.Горелов Ресей театрларында суретші-қоюшы болып қызмет атқарады. Содан кейінгі жылдары Қырғыз академиялық опера театрында, Алматыдағы Лермонтов атындағы орыс-драма театрында, Алматыдағы театр-көркемсурет институтында мұғалім болып қызмет атқарады.
Суретшінің көптеген картиналары Семей қаласына арналады.
«Конец февраля на реке Семипалатинска» картинасындағы жалғыздық тақырыбы көрерменді тамсандырады. Картиналардың рамаларын суретші аса талғампаздықпен өзі жасаған. Сондықтан да болар суретші картиналары көздің жауын алады.
Суретшінің барлық картианалары табиғат көріністері, яғни пейзаж жанры болып табылады. Барлық пейзаждары «Полковничий» аралында салынған. Картиналардан көрермендер Ертіс өзенінің өздеріне таныс аңғарларын, табиғат көріністерін көре алады.
Семей қаласының табиғат суреттерін сала отырып, көрерменін қызықтыра білген суретші деп білеміз.
Әдебиеттер:
1 Секенов С. Протопопов Оклохама-сити // Семипалатинские вести. – 2005. – 15 июля. – С.4