Кітапхана Сіздердің назарларынызға 2019 жылы Шығыс Қазақстан облысында және Семей аймағында аталып өтетін және еске алынатын күндер тізбегін ұсынамыз.
Тарих – ол халықтың жады, ол біздің рухымызды көтеріп, болашаққа жол сілтейді. Отанымыздың тарихын оқу, зерттеу, оның ішінде туған өлкеміздің тарихын, өңірімізден шыққан атақты тұлғаларды көбіміз біле бермейміз.
Сондықтан осы олқылықты Сіздердің назарларынызға ұсынылып отырған Күнтізбе толықтырады деген сенімдеміз.
Михаил Ермошкин 1952 жылы алыстағы Якутия елінде Аллах-Юнь атты ауылда дүниеге келген. Бала күнінен суретке жақын болып өскен суретші қай жерде болмаса да, сурет салуды машыққа айналдырады.
Балалар үйінде тәрбиеленген Михаил Ермошкин әскер қатарына алынып, бұрынғы Талдықорған облысының, Үшарал елді мекенінде әскери борышын өтейді. Осы әскери бөлімде жүріп, майлы бояумен сурет салуды меңгере бастайды.
Михаил Дмитриевич пейзаж және натюрморт жанрында қылқаламын ұштағанды жақсы көреді.
Суретшінің әрбір пейзажы жазғы, күзгі, қыстық, қалалық, далалық болсын әрбір шығармасы шынайы көңілмен орындалғаны көрініп тұр.
Әдебиеттер:
1.Камнева Г. Михаил Ермошкин: «Не все в мире оценивается в деньгах» // Иртыш сегодня. – 2004. – 26 августа. – С.25-27
2.Остался с нами навсегда // http://7palat.kz/publications/ostalsya-s-nami-navsegda.html