Күйіков Кәріпбек (1968)

z3Кәріпбек Күйіков Семей ядролық полигоны орналасқан жерден 100 шақырымдай жердегі Қарқаралы ауданына қарасты Егіндібұлақ ауылында 1968 жылы туған. Ол полигонның ащы зардабын көрген жандардың бірі. Туғанынан қолы жоқ болса да, ол еш мойымай, Семей полигонының жабылуына атсалысады. Кәріпбек Күйіковтің ядролық қаруға төзуге болмайтынын Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге дәлелдеп жүрген қайсарлығы көпшілікке белгілі. Оның тісімен немесе аяқтарының башпайының көмегімен салған суреттері полигонның қасіретін көз алдыңа әкеледі. Оның туындылары Түркияда, Жапонияда, АҚШ-та, Германияда, тағы да басқа шет мемлекеттердің көрмесіне қойылды. Ал суретшінің  «Жарылыс» атты туындысын Елбасы АҚШ президенті Барак Обамаға табыстаған еді. Суретші және АТОМ жобасының құрметті елшісі Кәріпбек Күйіков бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынылды.

 

Әдебиеттер:

  1. Голос правды и человечности: Президент РК Н.Назарбаев сделал знаковый подарок Президенту США Бараку Обаме – картину под названием “Взрыв”, написанную художником, жертвой ядерных испытаний, почетным послом Проекта АТОМ Карипбеком Куюковым. // Казахстанская правда. – 2016. – 9 апреля. – С. 3.
  2. Жумадильдинова С.М., Тотмина Л. П. Слово о молчащем полигоне // Внеклассная работа в школе. – 2016. – №9. – С. 13-15
  3. Шахназаров А. Миротворческая миссия Нурсултана Назарбаева // Вести Семей. – 2017. – 3 марта. – С.1-2