z4Қанапьянов Жұмағали 1924 жылы Семей облысындағы Қызылжар деген жерде туған. Әкесі өлгеннен кейін балалар үйінде  тәрбиеленген. 1943 жылы армия қатарына шақырылып, екі айлық дайындықтан кейін майданға жіберіледі. 283-ші атқыштар дививзиясының бүкіл құрамымен бірге Ж. Қанапьянов Берлиннің оңтүстік-шығысында орналасқан гитлершіл топтарды жойғаны үшін Жоғары Бас қолбасшының алғысына ие болды.

«Берлинді алғаны үшін», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және Совет Одағының басқа да, мерекелік, естелік медальдарымен наградталған.

1947 жылы- Алматыға келіп театр-көркемсурет училищесінде оқиды, оны1953 жылы бітіріп шығады. Мектепте сызу және сурет салу пәндерінен сабақ береді. 1961 жылдан «Жұлдыз» журналының көркемдеуші редакторы.

Суретші республикалық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелерге қатысты. Негізгі жанры сатиралық суреттер мен плакаттар, сол секілді пейзажға да әуес.

«Сатира  бейбітшілік үшін күресте» деп аталатын халықаралық көрмеде Ж. Қанапьянов 1977 жылы қола медальмен наградталған.

1979 жылдан СССР Суретшілер одағының мүшесі.

 

Әдебиеттер:

  1. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстан суретшілері: альбом. -Алма-Ата: Өнер, 1985. – С.76