Қазақстан Республикасының өнеріне еңбегі сіңген қайраткер. ҚР және КСРО Суретшілер Одағының Мүшесі. Халықаралық Ассоциясия Сценографиясының және ҚР Театр Ісі Одағының мүшесі.
1939 жылы 14 желтоқсан күні Семей қаласында дүниеге келген. 1961 жылы Н В. Гоголь атындағы Алматы Көркем Өнер училищесін аяқтаған соң, «Казахфильм» киностудиясында суретші-мультипликатор ретінде өз жумысын бастады. Амен Хайдаровтың творчестволық тобында қазақстанның ең бірінші анимациялық фильмдерін жүзеге асырды. Олар: «Неге қарлығаштың құйрығы айыр?», «Ақсақ құлан», «Жібек» (суретші-қоюшы, режиссер Муканов Т. Н.).
1966 жылы Қазақстан Республикасының 1-ші Республикалық көрмесінде өзінің жеке творчестволық еңбегін бастады. Көптеген Республикалық және Жеңіс күніне арналған
1985 жылы Мәскеу қаласында өткен Бүкіл Одақтық Сурет Көрмесінің қатысушысы, 1988 жылы Прага қаласында өткен Сценографияның Халықаралық көрме-квардиеналлында,
1989 жылы Мәскеу қаласында өткен кино және театр суретшілерінің Халықаралық көрмесінде, 1992 жылы Алматы қаласындағы Қазақстан Суретшілер Одағының Жеке Көрмесінде,2003 жылы Талдықорған қаласындағы Алматы облысының әкімінің галереясында үздік қатысып, өз үлесін қосты. Мәскеу қаласында (Мәскеу Көркем Өнер Академиялық театрының Мектеп-студиясының (Жоғарғы оқу орны) қойылым факультетін бітіргеннен соң Алматы қаласындағы М. Әуезов атындағы Республикалық Академиялық театрда көркем өнер қоюшы ретінде 1976 жылдан бастап өз жұмысын бастады. Қазақстанның белгілі режиссерлерімен біріге отырып бірнеше театрлық қойылымдарды жүзеге асырды.
Олар: А.Мамбетовпен, Б.Омаровпен, К.Жесписбаевпен, Р.Сейтметовпен, Ж. Омаровпен болды. Творчестволық еңбегінде бір қатар спектакльдер, сонымен қатар «Майра» А.Тажибаевтың, «Лихая година» К.Бекхожинаның, «Шыңғысхан» Иран-Гайптың, «Абай», «Хан Кене» М.Ауэзовтың, «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», «Ақан сері-Ақтоты» Г.Мүсреповтің шығармашылықтары Қазақстан театр өнерінің алтын қорына енді. Алматы қаласындағы Республикалық ұйғыр комедия театрында «Сенбі кешке» М. Баяджиевтің, «Қалыңдықтар қоғамы», «Майсарының қылықтары» С.Ахмадтың, «Ханым» Церетелдің, «Фархат-Шырын» Хуршидтің т.б. көптеген қойылымдар және Алматы қаласындағы Лермонтов атындағы Академиялық орыс театрында «Махаббат аңызы»
Ғ.Мүсреповтің спектаклдерін қоюда сәтті жұмыс істеді. Көптеген қойылымдар, еңбектер Республикалық және Халықаралық фестивальдарда ерекше көзге түсіп бағаланды. Қазақстанның түрлі қалаларында өткен театрлы қойылымдар жеке творчестволық жұмыстың кезеңі болып табылады. Бұл көрініс бас режиссер Ж Есенбековпен біріге жұмыс істеуі Қостанай қазақ драма театрының туындауында және бас режиссер Ж. Омаровпен біріге жұмыс істеуі Ақмола қаласындағы Қазақ драма театрының негізін қалауында көрініс тапты. Сонымен қатар көптеген қойылымдар осы театрлардың шаңырағында өтті.
1978 жылдан бастап КСРО Суретшілер Одағының мүшесі және Сценографтардың Халықаралық Ассоциасиясының мүшесі.
1998 жылы «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер» атанды. Алматы қаласында көркем өнер көрмесінің Дирекциясы мен А. Қастеев атындағы Мәскеу қаласындағы Вутетич атындағы музейде және Батыс мәдениеті музейінде көптеген жұмыстары орналасқан. Сонымен қатар Қазақстанда, Қырғызстанда, Ресейде, Чехияда, Францияда жеке коллекция ретінде сақталған. Театр өнері шеңберіндегі жұмыстары аяқталған соң, Алматы қаласында көркем өнер шеберханада жеке еңбектер туындайды. Бұл әрекет акварель техникасында натураның көмегімен іске асқан пейзаж бөлімдерінің туындауымен байқалады. Творчестволық өзін-өзі көрсету бағыттарының жемісі қазақ мәдениеті және этнографиясы аясындағы түрлі тақырыптарда туындаған графикалық беттер бөлімдерінің туындауына алып келді. Қазіргі уақыттағы жұмыс істеу бағыты негізді қалайтын еңбек болып отыр.
Әдебиеттер:
- Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.1. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.243
- Қазақ мәдениеті.Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.” ЖШС. – 2005. – Б.464