Анна Денисовна Несина – живописші. Новосибир облысы, Маслянино селосында туған. Сурет салумен балалық шағынан бастап айналысқан.
Бийск қаласында 7 жылдық мектепті бітіргеннен кейін Омбы көркемсурет училищесіне түседі.
1935-1939 жылдар арасында театр-көркемдеу бөлімінде оқиды.
1946 жылдан Семейде тұрып, Республика мен қаланың өміріне белсене араласады.Қазақстан суретшілер Одағының көркемөнер қоры шеберханаларында жұмыс істейді. Жыл сайын қалалық, облыстық, республикалық маңызы бар көрмелерге қатысады.
Несина Семейге, оның тұрғындарына 40 жыл өмірін арнады. Әр түрлі жанраларда жұмыс істеді, портрет саласына көбірек қалам тартады. Суретші өз замандастарының, түрлі әлеуметтік орта адамдарының портреттерін жазды. «Адам деген жоғары мәртебелі атақ , оның образын бейнелеуді өзімнің парызым деп есептеймін» – деген ойды үнемі айтып отыратын.
Әдебиеттер:
Шығыс Қазақстан облыстық Семей қаласындағы Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері мұражайы. – Семей, 2003. – 158 б.