Нұрмұхаммедов Нағым-Бек Жәлел-әд-Динович (1924-1986)

eНұрмұхаммедов Нағым-Бек Жәлел-әд-Динович 1924 жылы Семей облысының Сайтанды аулында халық мұғалімінің семьясында дүниеге келген. Әкесі 1931 жылы дүние салып, жеткіншек балалар үйінде тәрбиеленеді.

1940 жылдан 1942 жылға дейін Алматы театр-көркемсурет училищесінде оқиды. Москвадағы авиация институтында түседі. Туған ағасы майданда қайтыс болғаннан кейін, өзі сұралып соғысқа кетеді. Әуелі Қара теңіз, кейін Балтық флотында болады. «Кавказды қорғағаны үшін», «Ленинградты қорғаны үшін», «1941-1945 жж Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен наградталған.

Соғыстан кейін Ленинградтың көркемсурет училищесінде  кейін И.Е. Репин атындағы живопись, скульптура және архитектура институтының аспирантурасында оқиды.

Қазақ ССР-інің халық суретшісі, өнертану ғылымының кандидаты Н.Б.Нұрмұхаммедов живопистің әр түрлі жанрында, сюжетті  картинада, портретте, пейзажда да бірдей құштарлық жұмыс істеді.

Суретші – Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, екі рет «Құрмет Белгісі» орденімен наградталған.

Негізгі жұмыстары: «Жазушы Сапарғали Бегалиннің портреті » (1959), «М.В. Фрунзенің 1920 жылы Самарқанд  көтерілісшілерінің  алдында шығып сөйлеуі»  (1953), «Натюрморт, Бульдонеж» (1967), «Газет оқушы негр» (1963), «Әке көрген оқ жанар» (Польша) (1967) , «Құрғақболсын оқ-дәрі» (1963), «ІІІ рангелі капитан О. А. Долгушин» (1967), «» Абай Құнанбаевтың портреті (1967), «Абай Құнанбаевтың портреті» (1971), «Совет Одағының батыры Мәлік Ғабдуллиннің портреті» (1969), «Қазақ атты әскер полкі» (1972),  «Қаратеңізшілер анты» (1975), «Хиросима қаласы» (1973), «Даладағы өрт» (1963), «Фудзияма тауы» (1973) және басқалар.

 

Әдебиеттер:

Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстан суретшілері: альбом. – Алма-Ата: Өнер, 1985. – Б.106