76uu8Архат Оразғалиев 1964 жылы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Саржал ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Орта мектепті ауылдан бітіріп, екі жыл әскер қатарында азаматтық борышын өтеп келгеннен кейін Алматыдағы сәулет құрылыс институтында оқып, 1990 жылы сәулетші мамандығын алып шығады.

Екі жыл «Семжилстрой» тресіндегі жобалау институтында жұмыс істейді. Бала күнінен әртүрлі заттарды жасауға бейім тұрады. Негізгі құралы арша мен жаңғақ ағашы. Бірде Ертіс жағасынан динозаврдың кескінін елестететін ағаш кесегін тауып алып,артық жерін жонып, сыртын лактап, жасыл түсті динозавр жасап шығарды. Сондай-ақ марал , арқар, бұғылардың мүйізін тауып алып, басын ағаштан сомдайды. Ағашқа қоса қатырма қағазды іске жаратады, мәселен әйгілі «Титанник» фильміндегі кеменің макетін жасап шығарады.

Ал қару – жарақтарға көбінесе темірді пайдаланып, садақ, арбалет, айбалта шоқпар, қанжар, қылыш сияқты көне қару түрлерін , олардың қыны мен оқ-жебелерін жасай бастайды. Архат жасаған дүниелерді көпшілік қауым сыйлық үшін алады. Ол Ұлы «Абай жолы» эпопеясындағы сегіз кейіпкерді ағаштан қашап апарады. Барлығы да өз иесін тапты. Сол жолы «Бала Абай» деген туындысын Сара Назарбаеваға тарту етті.

 

Әдебиеттер:

  1. Ожарова А. Қазақтың қолөнерін жаңғыртып өзіне қайтарамын // Ертіс өңірі. – 2003. – 21 наурыз. – Б.5
  2. Сейсенұлы Д. Қаламмен жазылғанды балтамен өңдейді // Егемен Қазақстан. – 1999. – 27 мамыр. – Б.4
  3. Сейсенұлы Д. Шебер // Дидар. – 1999. – 27 сәуір. – Б.4