Өтепбаев Нұрбұлан Нұғманұлы (1951)

6hh6iӨтепбаев Нұрбұлан Нұғманұлы 1951 жылы бұрынғы Семей облысы, Баженова ауылында дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан өңіріне танымал суретші, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің бейнелеу өнері кафедрасының профессоры Нұрбұлан Өтепбаев 1969 жылы Семей педагогикалық институтында тұңғыш рет ашылған көркем-сурет және графика факультетінің студенті атанды. 1973 жылы институтты тәмамдап , дипломын қолға алған жас маман Абай ауданына жолдама алды.

Нұрбұлан Өтепбаев қазақ бейнелеу өнеріне келу жолында оны шығармашылық тұлға ретінде қалыптастырған үш түрлі арнаға тоқталамыз. Оның біріншісі – ата-баба, туған жер, ұшқан ұя ортасынан дарыған дәстүрлі мәдениет – рухани тәрбие еді. Екіншісі , сурет үйрмесінен басталып, жалғасын институт  қабырғасында тапқан, көркемсурет, графика факультетінің тәлімі мол, тағылымы болатын. Үшінші – қисынды – Нұрбұланның тал бойындағы туа бітккен қабілет-дарынымен байланыстырған дұрыс.

Үш арнаның алғашқысы Нұрбұлан туып-өскен ортаның Абай елінің рухани қайнары мейлінше кемел екенін байқар едік.

Суретші өзінің «Ботақан», «Кең қоныс», «Қасқабұлақ» картиналарында қазақ жеріне тән әдемі пейзажды, дала тылсымын әсерлі бояусыз , графика түрінде шынайы жеткізген. Кең жазира даланың әсем келбетін, сыр-сипатын беру арқылы еліміздің табиғатын асқан сүйіспеншілікпен бейнелейді. Ал «Салт атты», «Соңғы жаңалықтар», «Тойға барарда» картиналарында ауыл қарттары өмірінің тұрмыс-тіршілігін әңгіме өзегі ету арқылы өткен тіршілік-тұрмысты сөйлетіп, кезінде еңбек ауыртпалығын қайыспай көтерген еңбек адамдарын көреміз.

Нұрбұлан Өтепбаевты шығармашылық жеке тұлға ретінде орнықтырған екінші бір арна – өзі білім алған ұясы, бүгінде бейнелеу өнері кафедрасына айналып, еңбек етіп жатқан ұжымы, шапағаты мол ортасы.

Суретшінің халық алдында есеп беретін, еңбегінің нәтижесіне баға беретін көрсеткіштердің бірі – туындыларын көпшілік сынына салып, көрмелерге қою. Осы кезге дейін Нұрбұлан ондаған республикалық және облыстық көрмелерге қатысты. Оның ішінде өз туындылары қойылған арнаулы көрмелер Алматыда, Өскеменде, Павлодарда, Семейде ұйымдастырылды. Бірталайы АҚШ, Жапония, Қытай, Латвия, Ресей, Түркия азаматтарының жеке меншік коллекцияларында ілулі тұр. Ол белсенді шығармашылық қызметі үшін Қазақ бейбітшілік қорғау комитетінің Құрмет грамотасына ие болды.

Семей облысының әкімінің «Өнер» қайырымдылық қорының степендианты (1996), Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі (1997) атанды. 2000 жылы  қала әкімі Н. Омаров мәдениетті қолдау жылының қорытындысын қарап, «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша лауреаттық ескерткіш дипломды табыс етті.

Нұрбұлан оқытушылық қызметті шығармашылық жұмыспен шебер үйлестіре білген адам. Ол ондаған ғылыми мақалалардың авторы. 2001 жылы баспадан оның «Сурет – бейнелеу өнерінің негізі» атты бейнелеу өнері бойынша оқып жүрген студенттер мен оқушыларға , көркем сурет колледждері және жоғарғы оқу орындарының көркемсурет факультеттері мен бөлімдеріне арналған оқу құралы жарық көрді. Осы еңбегі және көп жылғы шәкірттер тәрбиелеген оқу-ғылыми қызметі үшін Н.Өтепбаевқа Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ғылыми кеңесінің шешімімен профессор атағы берілді (2001).

Ол сонымен қатар Семей өңірінде алғашқы суретшілердің бірі болып, жерлес ақын-жазушылардың кітаптарына иллюстрациялар жасады. Олардың арасында белгілі адамдар Р. Мусин, Е.Сыдықов, Б.Ерсәлімов, Т. Досаев, М. Алин, М. Оспановтардың кітаптары бар.

«Семей» мемлекеттік университетінің және Семей мемлекеттік медициналық академиясының елтаңбасын жасады.

Нұрбұлан Өтепбаев сынды суреткердің туындылары өткен өмірден шежіредей сыр тартып, бүгінмен ой-аңсарыңды ортақтастырып, келешегіңе жарқын үмітпен қарата алады. Шебердің суреттері Абайдың тарихи мемориалдық мұражайында сақтаулы. Невзоровтар отбасы атындағы мұражайда 14 – шығармасы, жанрлық композициясы, пейзаждары сақтаулы.

Н.Өтепбаевтың графикасын АҚШ- та, Жапонияда, Қытайда, Латвияда, Ресейде және Қазақстандағы жеке коллекциялардан кездестіруге болады.

Нұрбұлан бір кездері ұмытылып кете жаздаған қазақы ою-өрнекті салу үрдісін жаңаша формада жаңғыртушылық қасиетті танимыз.

«Сурет – бейнелеу өнерінің негізі», «Сурет салу процесінде әдістемелік тәсілдерді меңгеруді қалыптастыру», «Композиция орнамента» сияқты оқу құралдары мен иллюстрациялық альбом-кітаптарының авторы, Семей пединститутының көркем-сурет және графика кафедрасының профессоры Н.Өтепбаев өзінің тағы бір үлкен туындысымен қала жұртшылығын тәнті етті. Ол «Қазақ ою-өрнегі: дәстүр және қазіргі заман» атты иллюстрациялық кітабы.

Қазақстан Республикасының Суретшілер және дизайнерлер Одағының мүшесі, облыс басшысы дипломының лауреаты атанып, грамоталарының иегері болып жүрген – Нұрбұлан Нұғыманұлы  сурет болмасын, дизайн болмасын барлығын алсаң да, озық ойларымен алда жүреді.

Белсенді шығармашылық жұмысы үшін Н.Өтепбаев Қазақ бейбітшілік қорғау комитетінің  Құрмет грамотасымен марапатталған. Өтепбаев кітап графикасына да қалам тартады. 1997 жылы  М.Оспановтың «Сандықтас» өлеңдер жинағында Б.Ерсайыновтың «Бастан кешкен» романына иллюстрация жасайды.  Шебердің суреттері Абайдың Республикалық тарихи мемориалдық мұражайында сақтаулы.

Н.Өтепбаевтың графикасын АҚШ-та, Жапонияда, Қытайда, Латвияда, Ресесйде және Қазақстандағы жеке коллекциялардан кездестіруге болады.

 

Әдебиеттер:

  1. Құмар А. Әр туындысында – ұлттық өрнек // Ертіс өңірі. – 2006. – 16 ақпан. – Б.3
  2. Кайназарова А. Мое творчество – моя вера // Желание души. – 2001. – 12 октября
  3. Назаренко Ю. Награды деятелям культуры // Семипалатинские вести. – 2002. – 3 мая. – С.10
  4. Презентация книги: О презентации книги Семипалатинского художника Н.Утепбаева «Казахский орнамент» // Сегодня. – 2006. – 9 февраля. – С.3
  5. Палу Д. Певец степи // Семипалатинские вести. – 2004. – 18 июня. – С.3
  6. Тоқпатаев У. Қыр суреттерi: облыстықкiтапханада суретшi-график Н. Өтепбаевтың” көрмесi ашылды // Дидар. – 1997. – 8 қараша