Протопопов Вячеслав Васильевич (1954)

14Вячеслав Васильевич Протопопов живописші, график Семейде туды. 1977 жылы Мәскеу жоғары көркемсурет – өнеркәсіптік училищесін бітірген. Қазақ көркемсурет қорында, Уфада, Семейде көркемсурет шеберханасында жұмыс істеді. Көптеген қалалық, республикалық көрмелерге қатысты. Пейзаж, натюрморт, портрет жанрында жазды.

Қазіргі уақытта суретшінің пейзаж, натюрморт, портрет жанрында жазылған картиналары Достоевский әдеби-мемориалдық мұражайында, Невзоровтар отбасы мұражайында, Абай атындағы қорық-мұражайда сақтаулы. Сондай-ақ Мәскеу қаласында, АҚШ-та, Жаңа Зеландиядағы жеке коллекцияларда сақтаулы.

В. Протопопов көптеген жылдар бойы Воскресенск соборында суретші, шіркеу хорының әншісі болып қызмет істеді. 2005 жылдың жазында суретшінің көрмесі Ф.Достоевский мұражайында ашылып, көрерменін қуантты. Суретшінің Америкадан әкелген жаңа жұмыстары «Американский альбом» негізінен этюд, суреттеме жанрларында орындалған.

Суретші 2004 жылдың қараша айынан АҚШ-тың Оклахама – сити қаласындағы ғибадатхананы өрнектеу, шығармашылық жұмысымен айналысып жүр. Америкада суретшіге ғибадатхананы өрнектеуге 70-150 – дей адам көмектесіп жатыр.

 

Әдебиеттер :

  1. Секенов С. Протопопов из Оклахома – сити // Семипалатинские вести. – 2005. – 15 июля. – С.4